2024 жылдың 4 айында облыста 107 жол көлік оқиғасы тіркелді. Салдарынан 168 адам түрлі дене жарақатын алған, 14 адам қайтыс болды. Өткен жылмен салыстырғанда өңірде жол көлік АПАТТАРЫНЫҢ саны 67,2 пайызға артқан.


Соның ішінде Петропавл қаласының аумағында 59 ЖКО тіркелді. Осыған байланысты 36 қылмыстық іс қозғалды. ЖК оқиғалардың негізгі себептері көлік жүргізушілердің жылдамдықты шамадан тыс асыруы және жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерін сақтамауы.


САЯН АСҚАРОВ, СОТҚА ДЕЙІНГІ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ЖӘНЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚУДАЛАУДЫҢ ЗАҢДЫЛЫҒЫН ҚАДАҒАЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

- Қызылжар ауданында 11 ал Тайынша ауданында 9 ЖКО тіркелді. Жалпы осы жылы 36 іс тіркелді, 10 іс сотқа жолданды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында полиция органдары 4 адамға қатысты қамауда ұстау жазасын қарастырған. 2024 жылы облыс аумағында кісі өлтіру қыылмысына қарағанда жол-көлік оқиғалары салдарынан 4,5 есеге артық адам қаза тапты.