С. Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрында Шадиман Шаманедзенің «Үлкен лоджиялы шағын пәтер» пьесасының желісімен қойылған «Жұмағым» спектакльінің премьерасы өтті. Қоюшы режиссері - Тәжікстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Барзу Абдураззаков. Қойылымға әртістер бір айдан аса уақыт дайындалған. 1 жарым сағатқа созылған туынды көпшіліктің көңілінен шықты.


«Жұмағым» қойылымында 1980 жылдары қалада тұратын Дәурен Әбілқайырұлы мен оның жұбайы Гүлидің өмірі сахналанады. Ерлі-зайыптының Самат және Мәриям есімді балалары болады. Әкелері ішкілікке салынып, бұл отбасы кедейшіліктің зардабын тартады. Соның кесірінен, отбасының шырқы бұзылып, бір-біріне деген құрмет жоғалады. Бірақ, батыл ана Гүли отбасының ұйытқысы «әйел» екенін дәлелдеп, барлық қиындыққа шыдап бағып, ұл-қызы мен күйеуін бақытқа жетелеуге тырысады.


ОЛЖАС ЗЕЙНОЛЛА, С. МҰҚАНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ САЗДЫ-ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ ӘДЕБИЕТ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

- Бұл қойылым барлық аналарға арналады. Сол себептен «Жұмағым» деп аталады. 12-мамыр Халықаралық аналар күні болды. Ол кезде де «мама»деген спекталкьді тікелей эфирден көрсеттік. Жалпы, бізде маусымның жабылуына дейін жоспарда екі спектакль тұр. Біреуі Сая Қасымбектің «Қола» атты пьеасы. Екіншісі- Жарасбай Сүлейменовтың мерейтойына байланысты «Түзу ағаштың көлеңкесі» атты қойылымды қоямыз.