Ұлттық сөз өнерін азаматтық беделімен биік белеске көтерген Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин ғұмырлары қысқа, тағдырлары ауыр болғанымен, шығармашылығы ғибратты да мәнді болды. Биыл Үш бәйтерегіміздің туғанына 130 жыл толып отыр. Осыған орай И.Шухов атындағы орталық қалалық кітапханада «Үш бәйтерек, үш діңгек: Сәкен, Ілияс, Бейімбет» атты әдеби кеш өтті. Іс-шараға Қожаберген жырау атындағы № 6 қазақ орта мектебінің және Ж. Тәшенов атындағы № 20 қазақ орта мектебінің 10 сынып оқушылары қатысты.


Халқымыздың ұлттық әдебиетінің қалыптасуы мен дамуына өлшеусіз үлес қосқан үй бәйтек Сәкен, Ілияс, Бейімбет өздерінің жазған туындыларымен адамдардың жаңа заманға сай сауатты болуына, ой-өрісінің өсуіне зор ықпал етті. 1894-1938 жылдар аралығында қатар өмір сүрген халқының асыл перзенттері еліміздің өндіріс орындары мен еңбек адамдарының игі істерін шығармаларына арқау етті. Ұлтының азаттығын аңсаған қазақ зиялылары кеңес үкіметі тұсында Алашордашыл – ұлтшылдар атанып, 20 ғасырдың отызыншы жылдар ойранында қуғын-сүргінге ұшырап, жазықсыз жазаланды.


НҰРАЙ ҮСТЕМІРОВА, ОҚУШЫ:

- Олар туралы әрбір бастауыш сыныптағы оқушылар білу керек деп ойлаймын. Себебі, менің ойымша, әрбір бастауыштағы оқушы оның тақпағын жттайды, олар туралы біледі. Олардың шығармашылығы өте қызықты. Және осы бір сыныптағы әрбір оқушы оның өмірі жайлы, ол жайлы қызыгушылық таныта түседі.


Кеш барысында ұйымдастырушылар үш қаламгердің тағдыры мен шығармашылығы жайлы, сол замандағы әдеби үдеріс жөнінде қызықты да танымды деректермен бөлісті. Сонымен қатар мектеп оқушылары арасында тартысты да тартымды әдеби сайыс өтті. Олар бірінші турда ақын-жазушылардың шығармаларын тауып сынға түссе, қалған бөлімдерде даңқты тұлғаларымздың өмірбаянына қатысты сұрақтарға жауап беріп, олардың туындыларынан үзінділер оқыды.


ЛӘЗЗАТ ЕРҒОЖИНА, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ № 2 КІТАПХАНА МЕҢГЕРУШІСІ:

- Бізде Қызықты жайттер деген бөлім бар. Ол жерде мысалы айтатын болсақ, Сәкен Сейфуллиннің өмірінен, Ілияс Жансүгіровтың, Бейімбет Майлиннің өмірінен Ақ дастархан деген тақырыпта. Құлагер поэмасын, құтқарып қалған ғой негізінде Ілияс ұсталып кеткенде оның шығармасын бәрін өртеп жіберген. Сол кезде қазақтың белгілі ақыны Сапарғали Бегалиннің көмегімен мысалы Құлагер поэмасы ең бірінші болып газетке басылып шыққан ғой.


Әдеби кешке қатысушылар Үш бәйтеректің шығармалар жинағы және алаш арыстарының өмірінен сыр шертетін ауқымды көрмені тамашалады. Кітап көрмесі жыл соңына дейін оқырман назарында болады.