Жастар ресурстық орталығының өкілдері тасқын судан зардап шеккендерге көмек көрсетуді жалғастырып жатыр. Қайырымдылық акциясы аясында белсенділер 30-дан астам адам уақытша тұрып жатқан гуманитарлық-техникалық колледждің жатақханасында болып, тұрғындардың тапсырысы бойынша оларға қажетті заттарды таратты.


Гуманитарлық-техникалық колледж жатақханасына үйлерін су басқан 39 қала тұрғыны орналасқан. Волонтерлар халықты уақытша орналастыру пунктіне күні бұрын барып, тасқыннан зардап шеккендерге қандай заттар қажет екенін біліп, олардың тізімін жасаған.


ВАСИЛИЙ КРОШИНИНИКОВ, ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫ:

- Осы қиын-қыстау кезде бізге қол ұшын созып жатқан барлық волонтерларға алғысым шексіз. Жастар ұйымы кеше де келді. Олар біздің сұрағанымыздың бәрін әкелді, көп рахмет. Бәріміз жағдай дәл бұлай ушығып, су деңгейі одан сайын көтеріледі деп ойламадық. Волонтерлар бізді эвакуациялап, бір-екі күннен кейін үйге қайтарамыз деп ойлады. Біз де бұлай болады деп күтпедік.


Жастар ресурстық орталығының белсенділері қиын жағдайға тап болған тұрғындарға көмек қолын созуға барынша тырысып жатыр. Олар халықтың игілігі үшін күніне шамамен 6 қайырымдылық акциясын өткізеді. Жалпы, күн сайын ұйымның 60-тан астам белсендісі гуманитарлық көмек таратуға қолғабыс етіп жатыр.


ДИНА БАЙМАКИШЕВА, «ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ» ПСИХОЛОГЫ:

– Бүгін бұған дейін жұмыста болып, қолы босамаған тұрғындардан да өтініштер келіп түсті. Біз оларға да қажетті заттарды жеткіземіз. Және су тасқынынан зардап шеккен жандар орналасқан барлық жатақханаларға барып, көмек көрсетеміз. Әр тұрғынды назардан тыс қалдырмаймыз.


Айта кетейік, тұрғындар өз үйлері дайын болғанша, осы жерде уақытша тұрады.