Көктем келісімен облыс полицейлері мотоцикл, мопед жүргізушілерімен профилактикалық жұмысты күшейтті. Өйткені бұл көліктерді


Мотоциклді тиісті санаттағы жүргізуші куәлігі болған жағдайда ғана ересек адам басқара алады. Мопедті пайдалану үшін жүргізуші куәлігі қажет емес. Алайда 16 жасқа толу керек, сонымен қатар жол қозғалысы ережелерін біліп, толық сақтау қажет. Апаттылықты азайту үшін тәртіп сақшылары рейдтік іс-шаралар жүргізіп жатыр.


Петропавл қаласының Жұмысшы кентінде тіркеу нөмірлері жоқ "Yaqi" мотоциклінде келе жатқан екі жас жігіт тоқтатылды. 18 жастағы жүргізушіге қатысты бірден екі хаттама жасалды: ол тіркелмеген көлік құралын пайдаланған және басқару құқығына ие болмаған.


ҚАЙЫР СЫЗДЫҚОВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ ПАТРУЛЬДІ ПОЛИЦИЯ БАТАЛЬОНЫНЫҢ ИНСПЕКТОРЫ:

- Были составлены адм.протокола по ст. 612 ч. 2 и 590 ч. 2 КОАП РК. Т/с было водворено на спецштрафстоянку.


Жол қозғалысы ережелерін елемеу ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін. Жыл басынан бері облыста мотоцикл құралдарының қатысуымен 3 жол-көлік оқиғасы тіркелді, салдарынан 4 адам зардап шекті.