Петропавлда Нұрсұлтан Назарбаев пен Жуков көшелерінің қиылысында жаңадан салынып жатқан тұрғын үйлерге жылу бару үшін құбырдың диаметрі ұлғайтылып жатыр.


Бұл учаскеге жөндеу бригадасының қызметкерлері мен 2 техника жұмылдырылған. Қазір құбырларды құмнан тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Кейін бұл жылу желісі демонтаждалып, диаметрі ұлғайтылатын болады. Жұмыс келесі аптаның соңына дейін аяқтау жоспарланған.


ПАВЕЛ МОГИЛЬНЫЙ, «ПЕТРОПАВЛ ЖЫЛУ ЖЕЛІЛЕРІ» ЖШС №1 ЖЕЛІЛІК АУДАН БАСШЫСЫ:

- Нөмірі 5-ші жылу магистралінің учаскесінде қазіргі уақытта құбыр диаметрін 219 диаметрден 273 диаметрге дейін ұлғайту жұмыстары жүріп жатыр. Қала бойынша барлық үйлерге жылу беру толығымен өшірілгеннен кейін 4 адамнан тұратын қосымша мамандармен тағы 2 текника осы жұмысқа жұмылдырылады.