25 сәуір күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясының отырысы өтті. Сессияға ұйымға мүше 748 адамның 725-сі онлайн форматта қатысты.


Президент мемлекеттік тілдің мәртебесін, оның қолданыс аясын кеңейту қажеттігін айтты. Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше бұл ретте этно-мәдени бірлестіктердің жұмысын жандандыру керек. Бұдан бөлек, Президент Ұлттық құрылтайда көтерілген бастамаларды Ассамблеяның іске асыруы маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ, «Ассамблея жұмысын еліміздің жаңа гуманитарлық идеологиялық доктринасымен үйлестіру қажет» - деді Мемлекет басшысы.


СӘЛІМХАН СӘБИТОВ, СҚО ҚХА МҮШЕСІ:

- Қазіргі күнде өздеріңіз білетіндей мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру үшін көптеген шаралар өтіп жатыр. өзге ұлт өкілдері де осы жоспарға белсенді ат салысуда. Қазақ тілі пәнінің мұғалімі болып, қызмет атқарып, қазіргі күні өздерінің үлесін қосуда.  Бүгінгі сессияда Президентіміз айтқандай ұлы істердің бәрі шағын әрекеттерден басталады.


ГҮЛБАҚША МҰСАБАЕВА, СҚО ҚХА ҒЫЛЫМИ САРАПШЫ ТОБЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Қазақстанға гуманитарлық доктрина керек деген ойы қатты ұнады. Гуманитарлық доктрина болашақта жаңа адамды, жаңарған мәдениетті қалыптастыратын басты идея. Ұлы жетістіктерге жету үшін бір кішкентай істерден бастау керек. Осы ауыр оқиғаның арқасында мынау зейнеткерлерден батсап, үлкен кәсіпкерлерге дейін бәрі бірігіп бір ел, бір халық, бір тағдыр екенін көрсетті.