Облыстық көпбейінді ауруханада нерохирургиялық ем жүргізілетін жаңа технологиялар енгізілді. Солтүстікқазақстандық дәрігерлер бас миының аневризмасын емдеуге арналған оталарды сәтті жасап жатыр. Бұл ауру көбіне инсульттің дамуына әкеледі.


Статиска бойынша бас мидың аневризмасы әлемде адамдарың шамамен 5%-ында кездеседі, бірақ бұл патологияда өлім деңгейі жоғары.2024 жылдың 3 айында осы ауруға шалдыққан 7 науқас өңірден тыс жерде ем алған. Астанада Ұлттық нейрохирургия орталығында оқудан өткен солтүстікқазақстандық дәрігерлер екі науқасқа сәтті ота жасады.


РУСЛАН КРЕМНЕВ, ОБЛЫСТЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАНЫҢ НЕЙРОХИРУРГИЯ БӨЛІМШЕСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

- Біз мидың күрделі аневризмасына ота жасауды меңгердік. Енді науқастарды өзімізде емдейтін боламыз. Бұған дейін науқастар Астана қаласында ем алған болса, енді бұл емді өз бөлімшемізде жүргізетін боламыз.