Бір күннің ішінде Сергеев су торабындағы су деңгейі 41 см ге артқан. Қазіргі таңда су қоймасы 160 пайызға толған. Ал Тоқсан би гидробекетінде су бір тәулікте 71 см көтерілді. Бұл жайлы облыстық төтенше жағдай департаментінде өткен брифингте айтылды.


Облыста су тасықыны басталғалы бері 69 тасжолды су басты. Қазіргі таңда су астында әлі 10 автожол қалып отыр. алғашқылардың бірі болып көмекке Түркістан облысының құтқарушылары келген. Кейін Қарағанды, Алматы, Абай,Павлодар, Астана, және Ұлытау облыстарының мамандары тартыла бастады.


АСЛАН АХМЕТЖАНОВ, СҚО ТЖД СУ ТАСҚЫНЫНА ҚАРСЫ ЖЕДЕЛ ШТАБТЫҢ БАСТЫҒЫ:

- Облыстағы су тасқынымен күреске 5200 маман жұмылдырылды. Кеше ғана біз Алматы қалалық ТЖД қызметкерлерін шығарып салдық. Ал бүгін Абай облысынан келген құтқарушылар үйлеріне аттанады. Өңір үшін осындай қиын кезеңде бізге қолдау көрсеткен әріптестерімізге алғысымызды білдіреміз. Жалпы қазір жағдай тұрақталып келеді. Бүгіндері су тасқынының екінші кезеңі басталды.


Брифингте Петропавлдағы су мәселесі де сөз болды. «Қызылжар Су» ЖШС бас директорының айтуынша, жалпы судың сапасы қазір жақсы.


ЖЕҢІС СҰЛТАНОВ, «ҚЫЗЫЛЖАР СУ» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ:

- Жәй кездерде 0,3-0,5 мл болса бүгін міне 0,8-1 дейін рұқсат беріп отыр. Ол аурулардың алдын алады. Әрине басында суда лай болғандықт ан оны өсіруге тура келді. Бірақ қазір судағы хлор деңгейі қалпты.


Өңірде су тасқыны басталғалы бері 14 мыңнан астам адам эвакуцияланды және 5 мыңнан астам ауыл шаруашылық жануарлары қауіпсіз жерге көшірілді