Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда тасыған су кетіп, тұрғындардың кейбірі үйлеріне кіре бастады. Полицейлер қараусыз қалған үйлерді күзетуді жалғастырады. Облыстық полиция ведомствосы баспасөз қызметі дайындаған материалға назар аударайық.


Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның орталығы Новоишимское елді мекеніне су кіріп, 30 адамды, оның ішінде 7 баланы қауіпсіз жерге шығаруға тура келген. Мұнда Набережная және Интернациональная көшелерін су басты. Қазір ауылда жағдай жақсарып келеді. Судан зардап шеккен үйлерге оралуға әлі ерте болғандықтан адамдар күндіз келіп, тұрғын үйлерін қалпына келтіріп жатыр. Ал түнде туыстарына барып қонуға мәжбір. Полицейлер ауыл тұрғындарының мүлкін күзетіп, тәулік бойы кезекшілік етеді.


— Ребята вот, как бы, охраняют.

— Да, молодцы, этот мальчишечка вообще молодец.

— Помогает, смотрю?

— Помогает деду, ну


Аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Нарлан Жұмабаев елді мекендерді күзететін жасақтардың, жолдардағы бекеттердің жұмысын үнемі өзі қадағалап отырады.


Қазіргі уақытта аудан орталығы мен Червонный ауылы арасындағы жол су астында жатыр. Полиция қажет болған жағдайда көмек көрсету үшін жақын маңда кезекшілік атқарады. Облыстық полиция департаменті бастығы Айдын Қабдұлдиновтың өкімімен Новоишим және Привольный ауылдарының арасындағы көпірге жеке пост қойылды. Мұнда адамдар жайылған суға қарауға жиі тоқтайтын көрінеді. Алайда, тасыған су жарды шайып жатқандықтан бұл өте қауіпті.


Жалпы ауданда мародерлік фактілерінің алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қадағалау бойынша тәулік бойы жұмыс жалғасуда.