Облыста 2000нан астам үй су астында қалып, тұрғындар баспанасынан айырылды. Кеше түнде Қызылжар ауданы Долматово ауылында 30 дан астам үйді су басты. Жалпы бұл елді мекенде 114 үй мен 268 тұрғын бар.


ДАРИҒА ҚУАНЫШ, ТІЛШІ:

- Өңірдегі жағдай әлі тұрақталған жоқ. Қазір Қызылжар ауданының Долматово елді мекенінде адамдар қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр. Үйлерін су басуы мүмкін тұрғындар Белое ауылындағы орта мектепке эвакациялануда.


Долматово ауылында 4 көше бар. Оның біреуі ауылдың жоғары жағында орналасса, қалған 3еуі су басу қауіпі жоғары төменде тұр. Қазір осы 3 көшеде тұратын адамдар эвакуацияланған. Олар Белое ауылындағы орта мектепке орналастырылды.


ДӘУРЕН ТАУБАЕВ, СҚО ТЖД ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖОЮ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:

- Осы Долматово елді мекенін де жалпы 114 үй орналасқан. 268 тұрғынымен. Қазіргі таңда 114 үйдің 23-і бұл су тасқынына қауіпті аймаққа жатпағандықтан олар көшірілмеді. Қалған барлық тұрғындар тиісті қауіпсіз орындарға көшірілді. Елді мекенге қауіп жоқ. Полиция департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, түсіндірме жұмыстары жүргізіліп барлығын қауіпсіз аймаққа көшіріп жатырмыз.


Бұл ауылдағы тұрғындарды қауіпсіз жерге орналастыру үшін полиция және төтенше жағдайлар департаменті және шекара қызметшілері күндіз түні жұмыс істеп жүр. Түркістан облысынан келген құтқарушылар да көмектесіп жатыр.


ДАРХАН БЕЙСЕУОВ,ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТЖД КҮШТЕР МЕН ҚҰРАЛДАРДЫ ЖЕДЕЛ БАСҚАРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

- Біз Министірдің тапсырмасына сәйкес осы су басқан СҚО-на жәрдемге келдік. 8 техника 56 қызметкер. Қазіргі таңда осы Долматовка елді мекенінде адамдарды көшіріп құтқару жұмыстарымен айналысып жатырмыз. Біз 1-ші сәірден бастап осы СҚО-ның аумағында қызмет атқарып жатырмыз.


Ал үйлерін тастап, қауіпсіз жерге кеткен тұрғындардың баспаналары тәртіп сақшыларының бақылауында болады.


Дариға Қуаныш