Осы жылдың 1-наурызынан елімізде көктемгі әскерге шақыру науқаны басталды. Биыл өңірден әскери қызметке 480 азамат борышын өтеуге аттанады. 18 бен 27 жас аралығындағы ҚР азаматтарына әскери қызмет өткеру мерзімі 1 жыл.


Әскерге шақыру науқаны жылына 2 рет яғни көктемде және күзде жүзеге асады. 1 наурыздан басталған көктемгі әскерге шақыру кезеңі маусым айына дейін созылады. Әскери борышын өтеуге қабылданатындарға қойылатын басты талап – медициналық тексеруден өту.


НИНА ШИШКЕВИЧ, ДЕРМАТОВЕНЕРОЛОГ:

- Әскерге шақырылғандар осы жерде тексеруден өтеді. Біз негізінен тері ауруларын тексереміз. Қажет болса, облыстық дерматовенерологиялық орталыққа тексеруге жібереміз. Әскерге шақырылғандардың көпшілігін біз осы облыстық пункта тексеріп жатырмыз, өйткені аудандарда мамандар тапшы.


Дияр Кәрімжан Тайынша ауданынан келіп отыр.


ДИЯР КӘРІМЖАН, ӘСКЕР ҚАТАРЫНА ШАҚЫРЫЛУШЫ:

-   «Мен әскерге өз еркіммен бара жатырмын. Қапшағайдағы десантно-штурмовые войскаға барам. Әр адам өзінің азаматтық Отан алдындағы азаматтық борышын өтеуге міндетті.».


 Отан алдындағы әскери борышын өтеу үшін әскерге шақырылушыларға тұрғылықты жері бойынша шақыру қағазы беріледі, сонымен қатар СМС хабарламалар жіберіледі. Биыл 480-ге жуық солтүстікқазақстандықты міндетті әскери қызметке шақыру жоспарланған.