Өңір басшысы Тайынша ауданына сапар барысында әлеуметтік маңызы бар нысандарды аралап, мамандар мен техниканың су тасқынына дайындығын тексерді. Жұмыс сапары соңында Ғауез Торсанұлы алқалы жиын өткізді, онда ауданның өзекті мәселелері сөз боды.


Мына жалдамалы-коммуналдық тұрғын үй 2022 жылы пайдалануға берілді. Ғимаратта 18 пәтер бар. Бюджеттен 84 миллион теңгеден астам қаржы бөліп, оның тең жартысын аудан әкімдігі қызметтік мақсатқа сатып алыпты. Ендігі жоспар - қалған бөлігін иелену. Бүгінгі таңда Тайынша ауданында түрлі санаттағы 681 адам баспана кезегінде тұр.


Тайынша ауданындағы қарттарға да көмек көрсетіледі. «Надежда» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы 2006 жылдан бері жұмыс істейді. Қазір мұнда 97 адам тұрады. Ең үлкені 98 жаста. Оларға монша жағылады, гүл өсіруге де мүмкіндік бар. Өңір басшысы аға буынға жасалатын жағдаймен жіті танысты.


-«Здесь сколько? Четверо? Не тесно? Чистенько тут у вас». «У нас по нормам, сколько квадратных метров на каждого человека. Не менее пяти. У нас тут новые шкафы, тумбочки, все кровати одного цвета. Буквально на днях столы придут.

"Қариясы бар елдің қазынасы бар" деп бекер айтылмаған. Облыс әкімі орталықтағы қарттармен жүздесіп, ұзақ ғұмыр тіледі, сонымен қатар, келе жатқан мейраммен құттықтады.


 «С праздником всех, днем весеннего равноденствия. С наступающим праздником Наурыз хочу всех поздравить. Празднование Наурыз имеет новое видение, концепцию».


Аудандағы өзекті мәселенің бірі - алдағы су тасқыны. Заречное ауылына апаратын көпірді арнасынан асқан Шағалалы өзені жылда шайып кетеді. Қазір бұл түйткіл жан-жақты қаралып жатыр.


 «В прошлом году вышли из положения тем, что поставили экскаватор, он с этой стороны лед разбивал, и мы его перекидывали на эту сторону, тем самым спасли этот участок дороги».


Мәселенің шешімі - сапалы жөндеу жұмысы. Бұл жерге диаметрі үлкен темірбетонды құбырларды орнату жоспарланып отыр. Жұмыс маусымда басталып, 3 айда аяқталады. Қажетті қаржы 318 миллион теңгеден асады.


- «Пропускная способность будет 90 км/с данного сооружения». «А просчитывали, хватит вот этого сооружения, чтобы воду пропускать?» «Да, максимальный сброс воды идет 83 км/с».


Егер іс насырға шапса, кәсіби мамандар жұмысқа кіріседі. Ғауез Нұрмұхабетов Тайыншадағы мамандар мен техниканың су тасқынына дайындығын да бағалады. Бір жерге шоғырланған жандар жылдам әрекете ете білуі тиіс. Себебі, өзге аудандарға да көмек қажет болуы мүмкін. Алдағы кезең - әр адам үшін аса жауапты. Сапар соңында ұйымдастырылған алқалы жиында аймақ басшысы осыны тілге тиек етті.