Солтүстікқазақстандық полицейлер "Құқықтық тәртіп" жедел-алдын алу іс-шарасын қорытындылады. Облыс полицейлері 3 күн ішінде 16 мас жүргізушіні жауапқа тартты. Полиция ведомствосы баспасөз қызметінің бенематериалына назар аударайық.


Жедел профилактикалық іс-шараның негізгі міндеттерінің бірі-қоғамдық қауіпсіздікті нығайту. Қоғамдық орында ішімдік ішкені немесе мас күйінде жүргені үшін полиция қызметкерлері 222 адамды жауапқа тартты. Ювеналды полицейлердің рейдтері барысында жасөспірімдердің түнгі уақытта жүруінің 81 фактісін анықталды. Жұмыстың ерекше бағыты жол қозғалысы қауіпсіздігін нығайту болды.


 Баян Байғаскина, СҚО ПД ЖПҚ басқармасының аға инспекторы:

- Осы жылдың 2 айы ішінде СҚО аумағында 39 ЖКО тіркелді, нәтижесінде 7 адам қайтыс болды және 64 адам әр түрлі жарақат алды. Талдау жүргізу негізінде, жол-көлік оқиғаларының орын алудың негізгі себептері болып: қиылыстарды өту және маневр жасау ережелерін бұзу, арақашықтықты сақтамау, сонымен қатар жаяу жүргіншілерімен жол қозғалысы ережелерін бұзу болып табылады.


3 күн ішінде 122 жүргізуші жылдамдықты асырғаны үшін, 5 — қарсы жолаққа шығып кеткені және 23-і — жаяу жүргіншілер өткелінің жүру ережелерін бұзғаны үшін жазаланды. Сонымен қатар, облыс жолдарында 16 мас жүргізуші тоқтатылды, олардың біреуі есірткінің әсерінде болған.


- Эффектов, ничего нет. — Видите, говорите, эффекта не даёт. Я вам сразу сказал: у вас глаза стеклянные, зрачки не реагируют. Вот он, эффект. Состояние аффекта есть у вас.


Тәртіп сақшылары қозғалыстың барлық қатысушыларын жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді. Облыста жедел профилактикалық іс-шарасы аясында барлығы 1252 түрлі әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.