Петропавлда үлкен теннистен облыстық чемпионат басталды. Спорттық додаға 5 пен 17 жас аралығындағы 120 спортшы қатысады. Екі күнге созылатын турнирде топ жарғандар, алда өтетін республикалық ойындарға жолдама алады.


Бұл турнир осыдан 6 жыл бұрын ашылған теннис орталығында өтті. Мұнда 7 теннис корты жұмыс істейді. Оның үшеуі нысанның ішінде, ал қалған төртеуі сыртта орналасқан. Жалпы спорттық нысанда 350-ге жуық бала дайындалады. Үздіктер кезекті үлкен теннистен облыстық чемпионатта бақ сынасты.


АЛИК ЕСІМОВ, ТЕННИС ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Турнир үшінші жыл қатарынан өтіп жатыр. Орталық 2018 жылы бой көтерді. Содан болар, спорттың бұл түрі де жастар арасында енді танылып келеді. Соған қарамастан жетістіктеріміз жоқ емес.


Захар Бойко үлкен теннистен турнирлерге жиі қатысады. Биыл жеңіске жетемін деп алдына мақсат қойған.


 ЗАХАР БОЙКО, ЧЕМПИОНАТҚА ҚАТЫСУШЫ:

- Тенниспен айналысып жүргеніме 5 жыл болды. Бұл спорт түрі өзіме қатты ұнайды. Бұдан бөлек бірнеше чемпионатқа қатысқанмын. Жүлделі орындарға да ие болдым.


Турнирдің алғашқы күні 60-қа жуық спортшы бақ сынады. Жеңімпаздар республикалық кезеңге жолдама алады.


Айнұр Досан