«Чтения без границ» осындай атаумен Сәбит Мұқанов атындағы облыстық кітапханасы ҚАЖД №48 түзеу мекемесі қорына кітаптар табыс етті. Іс-шара барысында жазасын өтеушілер мәнерлеп оқу сайысына қатысты. Әдеби кеш Қазақстанда тойланып жатқан Мейірімділік күнінің аясында өтті.


 Наурыздың 15-і күні Қазақстанда Наурыз мейрамының онкүндігі аясында Мейірімділік күні атап өтілді. Солтүстік қазақстан облысы бойынша ҚАЖД №48 мекемеде арнайы шақырылған ақын-жазушылардың қатысуымен әдеби кеш ұйымдастырылды. Айта кетейік бүгінде ерлер колониясында 800-ге жуық сотталушы жазасын өтеп жатыр. Олардың 80 пайызы кітап оқуды жақсы көреді екен.


ЕЛЕНА СКАКУНОВА, ІС-ШАРАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ:

«С.Мұқанов атындағы облыстық кітапхана №48 мекемеде әдеби іс-шара өткізді. Біз өзімізбен бірге ақын жазушыларды, нақытырақ айтсақ Михайл Аверин атындағы әдеби бірлестікті алып келдік. Бұл әдеби бірлестіктің мүшелері сотталғандарға шағын концерт ұсынды. Сонымен қатар С.Мұқанов атындағы облыстық кітапханадан кітаптар сыйға тартылды.»


 Қазіргі таңда №48 түзеу мекемесі кітапханасында эпос, лирика, драма сынды түрлі жанрдағы 9 мыңға жуық кітап бар. Мекеме жетекшісінің айтуынша сотталғандар түрлі әдебиетті, көркем және деректі прозаларды, сонымен қатар өзін-өзі дамытуға арналған оқулықтарды зор қызығушылықпен оқиды.


 СҰЛТАН ЖАБАЛИЕВ, №48 ТҮЗЕУ МЕКЕМЕСІНІҢ БӨЛІМ ЖЕТЕКШІСІ:

«Сотталғандар арасында оқитын сүйікті жанрлар мен кітаптар туралы Сауалнама жүргізілді. Нәтижесі бойынша көпшілік көркем әдебиетті оқығысы келеді. . С.Мұқанов атындағы облыстық кітапхана қолдау білдіріп, кітап сыйлағаны үшін алғыс білдіреміз.»


Әдеби кеш соңында сотталғандар арасында мәнерлеп оқудан сайыс ұйымдастырылды. Жеңімпаздарға сертификаттар табыс етілді,