Наурызнама онкүндігі бойынша бүгін «Қайырымдылық» күні. Мейірімділік пен татулық, ізгілік пен жақсылық насихатталатын атаулы күннің маңызы айрықша. Петропавлдағы Ғабит Мүсірепов атындағы облыстық балалар-жасөспірімдер кітапханасында осыған орай мерекелік іс-шара өтті.


 Наурыз мейрамы қарсаңында кітапхана қызметкерлері балаларға арнап, «Көктемгі мереке: бейбітшілік пен жақсылық» атты мерекелік бағдарлама әзірледі. Салтанатты жиынға Петропавлдың 50-ден аса мектеп оқушысы қатысты.


 КӨГЕРШІН БЕРДІҒҰЛОВА, Ғ.МҮСІРЕПОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР-ЖАСӨСПІРІМДЕР КІТАПХАНАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Жалпы мейрам барысында біз ұлттық тағамдар қалай жасалады, көрпелеріміз қалай тігіледі. Және біздің бұрынғы кездегі ыдыстарымыз неден жасалған оның қалай жасалғанын барлығын біз бүгін көрсетуге тырысамыз.


 Ұлыстың ұлы күні ұлықталған іс-шарада мектеп оқушылары қазақтың наурыз көжесінен дәм татып, тағамның дайындалу тәртібімен де таныс болды.


- Етімізді қосамыз сорпамызға. Иә. Одан кейін күрішімізді қосамыз. Жармамызды қосамыз. Одан кейін барып тарымызды қосамыз. Дәм болу үшін кішкене тұз қосамыз. Ең соңында өзіміздің айранымызды, яғни ақ мол болсын деп ақтығымыз көп болсын деп айранымызды қосамыз.


Мерекелік бағдарлама аясында балалар үйінің тәрбиеленушілеріне кітаптар мен тоғыз құмалақ ойын тақтайшалары сыйға берілді.


Алмагүл Тастанова