18 мыңнан астам тұрғыны бар Аққайың ауданында бүгінде көптеген серіктестік кәсібін дөңгелетіп отыр. Өңір жетекшісі Ғауез Нұрмұхамбетов ауданға іс-сапар барысында шаруашылықтардың жұмысымен танысып, Наурыз мерекесіне орай "Қайырымдылық күні» аясында Смирново елді-мекенінде орналасқан қарттар мен мүгедектерге арналған интернатқа барып қайтты.


Бұл Аққайың ауданы Смирново елді-мекенінде орналасқан жалпы үлгідегі қарттар мен мүгедектерге арналған интернат. Орталық 1971 жылы салынған. 275 орынға шақталған. Қазіргі таңда интернатта 240 адам тұрады. Олардың 125-нің мүгедектігі бар. Оларға 155 адам қызмет көрсетеді. Өңір басшысы ең бірінші осы мекемеге бас сұқты. Ғауез Торсанұлы қарттар үйінің жағдайын өз көзімен көріп ас мәзірімен танысты.


 «Жалпы ас мәзірінде көкөністер, сиыр, тауық және балық еті бар. Сондай ақ біздің мәзірге сүт өнімдері, әртүрлі салаттар, бал кіреді. »


 Жалпы үлгідегі қарттар мен мүгедектерге арналған интернатта барлық жағдай жасалған. Бұл орталықта демалыс орны да қарастырылған. Қариялар онда әртүрлі мерекелерді атап өтеді. Сонымен қатар мұнда спорт залы жұмыс істейді. Қариялар облыстық «Үміт» спорттық сайысына қатысып, әр дайым жүлделі орындар да алып жүр. Ғауез Торсанұлы кездесу соңында қарияларды қасиетті рамазан айымен және келе жатқан наурыз мерекесімен құттықтап интернатқа теледидар сыйлады.


ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

-  «Өздеріңіз білетіндей биыл наурыз мейрамы қасиетті рамазан айымен бірге өтетін болады. Сол рамазан айы баршамызға құт береке әкелетін болсын, ораза ұстаған адамдарымыз бар облыс бойынша ұстаған оразалары қабыл болсын.»


 Өңір басшысы кейін Влассовка елді мекенінде орналасқан «Кедр» сүт тауарлы фермасына барды. Ол жылына 1000 тонна сүт өндіреді. Осы жылы шаруашылық Германиядан 530 млн теңгеге 186 бас симментал тұқымды сиыр сатып алды.


 ЕВГЕНИЙ ЗАРУЦКИЙ, «КЕДР» СҮТ ТАУАРЛЫ ФЕРМАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

-  «Бір ай уақыт ішінде біздің сатып алған қара мал сақтандырылды. Яғни, сиырға бірдеңе болса ақшасын толық, ал олар қысыр болс ақшамыздың 25 пайызын қайтаруға міндетті. Қазіргі таңда бізге 6 сиыр келген жоқ , ақшамызды толық қайтарып берді.


 Бұдан кейін өңір басшысы «Кедр» сүт тауарлы фермасымен көршілес тұрған «Герд» шаруашылығына барды. Сүт фермасы жылына 2000 тонна өнім өндіреді. Жоба құны 1,2 млрд теңге.


 Аққайың ауданының әкімі Рүстем Елубаев аймақта жыл сайын сүт өндірісінің қуаты мен көлемі артып келетінін тілге тиек етті.


РҮСТЕМ ЕЛУБАЕВ, АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

«Біздің аудан 2019 жылы 30-33 мың тонна сүт өндірсе 2023 жылы біз бұл көрсеткішті 50 мың тоннаға жеткіздік. Жоспар бойынша 2026 жылы біз 60 мың тонна сүт өндіреміз деп отырмыз »


 Ғауез Торсанұлы бұдан кейін Рублевка ауылындағы «Зенченко» ЖШС жұмысшыларына салған көппәтерлі үйге барды. Серіктестік директоры Иван Зенченконың айтуынша, тұрғын үй қолданысқа өткен жылы берілген. Кәсіпкер биыл да жаңа баспана салу жоспарда бар екенін айтты.


ИВАН ЗЕНЧЕНКО, «ЗЕНЧЕНКО» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:

-  «Бұл үйлерде ыстық су, кәріз желісі бар және орталық жылу жүйесіне қосылған. Сонымен қатар міне көріп тұрған мына ескі ғимараттың орнына жаңа үй салу жоспарда бар.»


Бұдан кейін облыс басшысы «Зенченко» сүт тауарлы фермасының жұмысымен танысты. Рублевка ауылындағы шаруашылықта 1200 жуық симментал тұқымды сиыр бар. Ферма толық автоматтандырылған. Яғни сиырлардың күйі мен алынған өнім көлемі заманауи қондырғылар арқылы бақыланады. Ғауез Торсанұлы ферманың жұмысына оң баға беріп, серіктестікке әр дайым қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.