Петропавлда «Ұлыс күні – ырыс күні» атты оқушылар арасында облыстық айтыс өтті. Наурыз мерекесіне орай Сафуан Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназиясында ұйымдастырылған іс-шараға қала мектептерімен қоса, Қызылжар, Жамбыл, Мамлют аудандарынан барлығы 14 өнерпаз қатысты.


Білім ордасында алғаш рет өткізіліп отырған жас дарындар байқауына барлығы 7 жұп катысып, бақ сынады. Қызылжар ауданының намысын қорғап келген Нұртөре Қажымұрат бұған дейін де жыр додаларында үздік өнер көрсеткен. Ол – бүгінгі жарыстың ең жас қатысушыларының бірі. Қазақтың бөлмысы биік, төл өнері айтысқа қадам басқанына 1 жылдай ғана уақыт болған.


НҰРТӨРЕ ҚАЖЫМҰРАТ, ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫ «ПАРАСАТ» МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ 3-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ:

2 сыныптан бастап айтысты бастап жатырмын. 1 жыл қатысып жүрмін айтысқа. Айтыс жарысына қатыстым, домбыраға қатысқам. Тағы басқа жарыстарға қатысқанмын.


Ал Сафуан Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияның оқушысы Елдана Біржан мұндай деңгейдегі айтысқа 5 рет қатысып отыр. Осыған дейін айтыскер «Парасат» мектеп-гимназиясында өткен сөз сайысында бас жүлдені жеңіп алған. Оның төл өнерге деген қызығушылығы осыдан 1 жыл бұрын жас ақындар үйірмесіне қатысудан басталған.


ЕЛДАНА БІРЖАН, С.ШАЙМЕРДЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЛАЛЫҚ КЛАССИКАЛЫҚ ГИМНАЗИЯНЫҢ 6-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ:

Бүгін бас жүлде аламын деп ойлаймын. Маған айтыс өте қатты ұнағандықтан, шабыттанып кеттім. Айтыс кезінде өзіме дұрыс мақам таңдау және де домбыраны дұрыс үйрену болып табылады. Себебі, мақамға бәрі байланысты деп ойлаймын. Себебі, сөздерін айтқанда мақам сөздеріне сәйкес болу керек.


Оқушылар айтысының өзіндік ерекшелігі де бар. Бұл айтыстағы тақырыптар, көтерілетін мәселер де өзгеше болмақ. Қатысушылардың әрқайсысы көкейіндегі ойларын сахна төрінде шумақтармен жеткізіп, салмақты сөздерін саралап, жиналған қауымды өнерлеріне тәнті етті. Байқау шарты бойынша әр жұп тақырып төңірегінде өз ойларын 15 минут аралығында жеткізе білулері керек. Сонымен қатар қазылар қатысушылардың сөз қолданыстары, ой жүйелігі мен тереңдігі, дауыс мәнері мен сахна әдебін басты назарға алды.


 АМАНЖОЛ ЗАҒЫПАР, ҚАЗАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Біздің мектебімізде де ақындар болғандықтан, біз арнайы демеуші іздедік. Осы мектепте оқыған Біржан Шаймерденов ағамыздың ұлы Олжас Шаймерденов осында демеушілік жасап, қаржылай көмектесті. Тағы бір айта кететіні, бұл тікелей мектеп әкімшілігінің, қалалық білім бөілімінің, облыстық білім басқармасының қолдауымен өткізіліп отыр.


Айтысқа қатысқандардың ешқайсысы кәдесіз қалмайды. Бас жүлдегер 50000 мың теңге иеленеді.