Аймақ басшысы Есіл ауданының Заградовка ауылын аралады. Ғауез Нұрмұхамбетов елді-мекеннің сүт-тауарлы фермасы мен фельдшерлік-акушерлік пунктінің жұмысымен танысып, ауылдағы ағайынды қолдау үшін атқарылып жатқан іспен танысты. Сапар соңында облыс әкімі Есіл ауданының тұрғындарымен кездесу өткізді. Азаматтар түйіткілді мәселелерін ортаға салып, оның шешімі бойынша нақты жауап алуға мүмкіндік алды.


Заградовка ауылы алдыңғы қатарлы елді-мекендердің бірі. Ауылда өмір сүру үшін қолайлы жағдайдың барлығы жасалып жатыр. Жұмыс сапарын облыс әкімі 400 басқа арналған жергілікті сүт тауарлы фермасынан бастады. Кәсіпорын ауылдағы ағайынға қолдау көрсетіп отырған «Заградовское» ЖШС директоры Иван Фисенкоға тиесілі. Фермада Австриядан әкелінген симментал тұқымына жататын асыл тұқымды ірі қара мал бар.


-«- Сенаж свой, да? – Все свое. – Силос не закладываете? – Силос, сенаж, сено, соломо все свое. – С зимы как выходите, с запасом? – Да, с запасом. – Вы закладываете сколько обычно? – Мы закладываем 12 тыс тонн силоса. – Это полуторагодичный или двухгодичный?- Полуторагодичный, стараемся, выдерживаем».


Бұдан кейін аймақ басшысы ауылдың фельдшерлік-акушерлік пунктінің жұмысымен танысты. Аталмыш нысанда тұрғындар қажет ем-домды кез-келген уақытта ала алады. Мұнда фельдшер, тіс дәрігері, патронаждық медбике және басқа да мамандар қызмет көрсетеді. Ғауез Нұрмұхамбетов Заградовкадағы «Прометей» спорт үйінде де болып қайтты. Жазда мұнда футбол, волейбол, теннис, баскетбол сынды ойындар ойнауға болады. Ал қыстыгүні хоккей корты құрылады. Спорт үйін ауылдастарына «Прометей-Агро» ЖШС директоры Юрий Шоль ашқан болатын.


 «- Коньки, форму, все вот покупаем. В пределах миллиона ежегодно обновление идет. Потому что, изнашивается. – Сколько детей обучается? – Сейчас 14. Младшая группа человек 14, старшие школьники ходят».


 «Заградовское» және «Прометей Агро» ЖШС-терінің жетекшілері өлкесін дамытып, оның әлеуетін жақсартып отыр. Мәдени нысандар, спорттық демалыс объектілерімен қатар серіктестік қызметкерлері үшін жайлы тұрғын-үйлер салады. Роза Жантуғанованың жанұясы былтыр қыркүйек айында баспаналы болды. Әйел Заградовканың медициналық мекемесінде фельдшер болып қызмет атқарады.


Роза Жантуғанова, Заградовка ауылының тұрғыны:

- «Жас мамандар ауылда қалсын деген ниетпен осы үйді жалғыз маған емес, ол өзінің жұмысшыларына да салып жатыр үйді.  «Мен барлықтарына тілейтінім осындай үй болсын. Бұл енді әр адамның ойынан шығатын нәрсе. Себебі, барлығы жақсы істелінген. Қаланың тұрмысы сияқты. Барлық жағдай үйдің ішінде. Ыстық су да, жылы су да, барлығы үйде».


 Ауылда әлеуметтік нысандар мен үйлерге жылу жеткізіп отырған жылу қазандығы, 20 мың тонна астық сақтауға қауқарлы элеватор мен қызметкерлерге арналған жатақханаға дейін бар. Екі ай бұрын 68 жастағы Зинаида Пахомоваға жатақхандан бөлме беріліпті. Жалғызбасты зейнеткердің хал-жағдайын облыс басшысы біліп қайтты.


 «- Как у вас дела? С наступающими праздниками Вас! – Спасибо, спасибо что приехали».


 Елді-мекенде тындырылып жатқан іспен танысқан соң аймақ басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов аудан тұрғындарымен кездесу өткізді. Алдымен Есіл ауданының әкімі Мереке Мұхамедияров ауданнның әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша есеп берді. Ауыл шаруашылығы саласындағы өнім көлемі былтырғы жылы 64,8 млрд теңгені құраған. Ауданда 405 мың тоннадан астам дәнді дақыл мен 48 мың тоннадан астам майлы дақыл жиналды. Есілде 400 басқа шақталған 3 сүт-тауарлы фермасы мен 100 басқа арналған 2 ферма іске қосылған. 2023 жылы 7 мың тоннадан астам ақ өндірліп шығарылды. Инфрақұрылым да шетте қалмауда.


Мереке Мұхамедияров, Есіл ауданының әкімі:

- «Аудан аумағы арқылы өтетін автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 505,5 км құрайды. 2023 жылы аудандық маңызы бар жолдарды жөндеу бойынша жоба қолға алынды. Бесқұдық ауылына кірме жолға орташа жөндеу жүргізілді. Жалпы ұзындығы 25 км. Оған 700 млн теңгеден астам сома құйылды. Өткен жылы ұзындығы 5,5 км болатын Бұлақ ауылына кірме жолға 61,5 млн теңге сомасына ағымдағы жөндеу жүргізілді. Кентшілік жолдарды жөндеу бойынша өткен жылы Николаевка, Бұлақ, Чириковка, Ақтас ауылдарында 667 млн теңгеден астам сомаға 4 жоба аяқталды».


Бүгінгі таңда 20 мыңға жуық адам тұратын 35 ауыл сапалы сумен қамтамасыз етілген. 2023 жылы Амангелді ауылын Преснов топтық су құбырына қосу жобасы іске асырылды. Ал Леонидовка ауылында 8,8 млн теңге сомасына кешенді блок модуль орнатылды. Бұдан бөлек, былтырғы жылы 6 679 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Ал денсаулық сақтау саласында материалдық техникалық жарақтандыруға 112 млн теңге құйылыпты. Аудан әкімі білім беру саласына да тоқталды.


Мереке Мұхамедияров, Есіл ауданының әкімі:

-  «Ауданда 28 жалпы білім беретін мектеп, оның ішінде 6 бастауыш, 6 негізгі, 16 орта мектеп бар. 28 мектептің 23-і шағын жинақты мектеп. Жалпы 3018 оқушы бар. Аудан мектептерінің материалдық техникалық базасын нығайту үшін өткен жылы 182 млн теңгеден астам қаражат бөлінді. Сондай-ақ, Қазақстан Халқына қоры есебінен 250 млн теңгеге Шәжімбаев атындағы Явленка орта мектебін жаңғырту жүргізілді».


Былтырғы жылы атқарылған іс бойынша есеп аяқталған соң, аудан тұрғындары түйіткілді мәселелерін ортаға салуға мүмкіндік алды. Ең маңызды және өзектілердің бірі – жыры бітпейтін жол мәселесі болып қалуда. Бұл ретте Покровка ауылдық округінің тұрғыны Наталья Евграфова өз наразылығын білдірді.


Наталья Евграфова, Покровка ауылдық округінің тұрғыны:

- «Тұрақты негізде аудан тұрғындары Петропавл қаласынан Явленка ауылына дейінгі автожолдың нашар жағдайы туралы мәселені көтереді. Бұл мәселе бірнеше жыл бойы шешілмей келеді. Қандай да бір жұмыс жасалады ма? Жасалса қашан?»


Жауаптылардың сөзінше, мәселе келесі жылы қолға алынбақ. Явленкадан Бескөл ауылына дейін ұзындығы 80 км учаскені жөндеу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленетін болады. Бұл сұрақты облыс әкімі де назарға алды.


Ғауез Нұрмұхамбетов, СҚО әкімі:

-  «Өткен жылы көлік министрі Марат Кәрімжанұлы Қарабаев келген кезде біз онымен шарт жасастық. Бүгін Орталық орган, яғни, тікелей министрлік бізді дәл осы бағытта қолдап отыр. Және қаражат бөлу бойынша да қолдау көрсететін болады».


Ал Заградовка ауылының тұрғыны Юлия Вайц елді-мекенде ұялы байланыс нашар екенін айтады. Әйел бұл шағымын бірнеше жыл бойы жеткізіп келеді, бірақ жағдай өзгерер емес.


Юлия Вайц, Заградовка ауылының тұрғыны:

- «Бізде ұялы байланыс мұнарасы бар. Бірақ, үйде байланыс жоқ, не интернет мүлде жұмыс істемейді. Бұл проблема бірнеше жылдан бері айтылып келеді. Оны шешу үшін тиісті жұмысқа қолға алу керек қой».


 Жауапты басқарма өкілі қысқа қайырды. Е-өтініш порталы арқылы шағым берсе, байланыс инспекциясы мәселені жою үшін операторға нұсқама береді делінді. Бұдан бөлек, тұрғындар басқа да әлеуметтік маңызы бар сұрақтармен жүгінді. Айта кетейік, облыс әкімімен кездесуге барлығы 200-ге жуық Есіл ауданының тұрғыны келді.