14 наурыз – Көрісу күні. Қазақ халқының көнеден келе жатқан мерекелерінің бірі саналатын бұл күн Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамының бастауы болып саналады. Бүгін мерекені облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының қызметкерлеріде де атап өтті.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Көрісу – нағыз береке-бірлік пен ырыс-ынтымақтың мейрамы» деген болатын. Сондықтан көнеден келе жатқан мереке ұмытылмай бүгінде одан әрі жаңғырып келеді.


РИНАТ ӨЛМЕСЕКОВ, СҚО ОБЛЫСТЫҚ ЖИТС ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

-  « Наурыз мейрамының қарсаңында Көрісу күні тойланады. Яғни 14 наурыз көрісу немесе амал мерекесі деп те айтады. Қазақ халқының ертеден келе жатқан салт дәстүрі татулықтың сыйластықтың белгісі.  Облыстық ЖИТС орталығында қазіргі таңда әртүрлі ұлт өкілдері жұмыс жасайды. Орыс татар және поляк ұлт өкілдері жұмыс жасайды. Сонымен қатар бұл мейрамда ұжымға өнер иелерін шақырып қазіргі уақытта концерттік бағдарлама өтіп жатыр. Халыққа тілерім береке, бірлік әр отбасыға амандық және жұмыстарыңызға табыс».


 Александ Бойко облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығында нарколог-дәрігер болып жұмыс істейді. Қазақстанда туып өскендіктен барлық салт-дәстүрді жақсы білемін дейді ол.


АЛЕКСАНДР БОЙКО, НАРКОЛОГ-ДӘРІГЕР:

« Баршаңызды осындай тамаша мерекенің басталуымен құттықтаймын. Барлығына тек қана денсаулық тілеймін. Біз медицина саласында жұмыс істеп жүргендіктен әрине бірінші кезекте денсаулық тілейміз. Еліміз аман болсын».


 Көрісу күні- бір-біріне деген өкпе-реніш болса кешіріп, жаңа жылды таза көңілмен қарсы алатын мереке