14 наурыз - Көрісу күні немесе Амал мерекесі. Бұл күн қыстың қаhарынан аман шыққан адамзат бір-бірімен қол алысып, жақсылық тілейтін қауышу мерекесі ғана емес, жасы үлкендерге ізет көрсетіп, ілтипат білдіретін дәстүрлі мейрам. Әсіресе, еліміздің батыс өңірінде бұл мейрамның маңызы зор.


 Өңірде алғаш рет Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп- гимназиясында "Амал мерекесі" атап өтіліп жатыр. Ол «Төрт тоқсан – төрт өнер» ұлттық мәдени-ағартушылық жобасы аясында қолға алынған. Ұйымдастырушылар, бұл жоба 9 айда 9 іс-шара өткізілетін, сондай-ақ халқымыздың әдет-ғұрпын қайта жаңғыратын тың бастамалардың бірі екенІн тілге тиек етті. Оның АЯСЫНДА осы наурыз айында «Домбырашылар» челленджі ұйымдастырЫЛМАҚ.


ШЕГЕБАЙ НҰРҒОЖИН, АБАЙ АТЫНДАҒЫ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ҚАЗАҚ МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Көрісу күні дегеніміз не? Ол қазақ ұлтының бірін-бірі қыс бойы алты ай көрмеген сағыныш бар, бірін-бірі ренжіткен болса, кешірім сұрауы бар. Осының бәрін балаларға үлгі ретінде көрсетпекпіз. Ұлттық сабақтастық дейді оны. Біздің тарихымызды жас балаларға, жас болашақ бүлдіршіндерге жеткізу, оларға соны ойларында, санасында қалдыру - біздің басты мақсатымыз.


 Оқу ордасында барлығы 1024 оқушы білім алса, солардың бәрі БҮГІН ұлттық нақышта киініп, бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп, аға буынға құрмет көрсетті. Сондай-ақ олар әр аптаның жұма күні ұлттық киім киюді дәстүрге айналдырған. Халық арасында Наурыз мейрамын қарсы алу осы күннен басталатыны, ол бір күнмен шектелмей, наурыз бойы жалғасатыны туралы шәкірттерге мол мағлұмат берілді. Бұдан бөлек, қазақы салт-дәстүрімізден сыр шертетін этнокөрме де ұйымдастырылды.



Бұл мереке өз деңгейінде өтті деп ойлаймын. Жасөспірімдер, біз көп мағлұмат алдық. Мысалы, этноауылды көрдік, көптеген аспаптармен таныстық. Сонымен қатар ата-бабамыздың арғы салт-дәстүрін білдік. Мүмкін оқушылар өздеріне жаңа мағлұмат алды. Сондықтан да бүгінгі күн, мереке өте сәтті өтті деп ойлаймын.


Негізінен, таңертеңнен бастап мұғалімдеріміз, тәлімгерлеріміз келген жұртты бауырсақпен, тәтті дәмдермен қарсы алып жатыр. Амал, көрісу мейрамы қазақ ежелден сақтап қалған мұралардың бірі. Іс-шаралар осы апталықтың ішінде өтіп жатады. Негізінен, өте керемет дәрежеде өтті деп ойлаймын. Себебі, біздің тәлімгерлеріміз осы жастар білсе екен деп, жастар Наурыздың не екенін білсе екен деп, үйренсе екен деген мақсатпен өткізіп жатыр.


 Жақсылыққа үндейтін мейрамда қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі - асық ату да ұйымдастырылды. Ендігі мектеп ұжымы Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамын дүркіретіп өткізуді жоспарлап отыр. Алғаш рет мектеп алдына киіз үй тігілмек.