Бүгін елімізде Наурыздың бастауы - «Көрісу күні» аталып өтілуде. Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов облыстық Қазақстан халқы ассамблеясында ақсақалдар және этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесіп, оларды мерекемен құттықтады


 Облыстық ҚХА қазіргі уақытта 24 этно-мәдени және 10 құрылымдық бірлестік бар. Өңір басшысы дәл осы көп этносты өңір халқын ұлттық құндылықтарды насихаттауға, бірлік пен татулықты нығайтуға қосып жатқан үлестері үшін алғысын білдірді.


ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- «Бүгінгі мерекеміз құтты болсы. Баршаңызға тек денсаулық тілеймін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Мемлекет басшысы осы наурыз мейрамының маңыздылығы мен ерекшелігін атап өтті. Осыған байланысты өңірде алдағы аптада көптеген мерекелік шаралар өтетін болады. Наурыз мейрамы қасиетті Рамазан айымен де тұспа-тұс келді. Барлықтарыңыздың ниеттеріңіз қабыл болсын. Аман болыңыздар


 ҚХА ғимараты былтыр күрделі жөндеуден өткен. Биыл этномәдени бірлестіктер үшін арнайы газельде сатып алынған. Енді ассамблея мүшелері өңір аудандарына да іс-сапармен шығуды жоспарлап отыр екен.


ЕЛЕНА СЕМИДОЦКИХ, ОБЛЫСТЫҚ ҚХА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

-  «Ассамблеяға негізі көлік өте қажет еді. Барлығымыздың көңілімізден шығып жатыр. Қолдау білдіргеніңіз үшін рахмет. Биыл біздің ассамблея жобаларына 10 млн теңге қаражат бөлінді. Алдағы уақытта мәдени іс-шараларды бұдан да көп ұйымдастырыруды жоспарлап отырмыз»


 Кездесу барысында өңір басшысы этномәдени бірлестік өкілдерімен тілдесіп, оларды алдағы наурыз мерекесімен құттықтады.