Облыстық полиция департаментінің инспектор-психологтары жеке құрамға топ құрамында әрекет етуді үйрету бойынша бірқатар тренинг өткізді. Жиынға облыстық және қалалық полицияның барлық бөліністерінің қызметкерлері қатысты.


Жедел уәкілдер, патрульдік полицейлер, штаб бөліністерінің қызметкерлері түрлі жаттығуларды орындады. Әр жаттығу мұқият ойлау мен іс-қимылдың үйлесімділігін талап етеді.


АЙГҮЛ СЕЙІТОВА, ПЕТРОПАВЛ Қ. ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ БАТАЛЬОНЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОР-ПСИХОЛОГЫ:

- Осындай жаттығулар ұжымды біріктіруге, топ құрамында әрекет ете білуге үйретеді және психоэмоционалдық күйзелісті алып тастауға бағытталды. Мұндай тренингтерді біз ашық аспан астында табиғат аясында да өткіземіз. Бұл жұмыс алдағы уақытта да жалғасады


Тренинг соңында қатысушыларға «Ішкі магнит» деп аталатын аутогенді жаттығу өткізілді.


ЕРБАҚЫТ ЕРЖАНОВ, СҚО ПД ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ БАТАЛЬОНЫНЫҢ ИНСПЕКТОРЫ:

- Бүгінгі тренинг өте әсерлі өтті. Осындай тренингтер жиі өтіп тұрса жақсы болар еді. Жастарға үлкендердің ақылы жақсы көрсетілді Көптеген эмоция алдық. Жаңа адамдармен таныстық.


АЛИНА РАМАЗАНОВА, ПЕТРОПАВЛ Қ. ПБ КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ИНСПЕКТОРЫ:

- Бүгін осы тренингке шақырту алдым. Күшті, көтеріңкі көңіл-күймен кетіп бара жатырмын. Өте ұнады. Үлкен рахмет дегім келеді


Тренингке қатысушылар қызықты жаттығуларды, психологиялық әдістерді ұйымдастырушыларға алғыс айтып, алған әсерлерінің арқасында қызметтік міндеттерін ерекшен талпыныспен орындайтындықтарын атап өтті.