Қозыбаев университетінде балдырдан биоыдырайтын тағамдық қаптама жасап шығарылмақ. Бұл бастаманы «National Conservation Initiative» корпоративтік қоры мен Назарбаев Университеті қолдады. Жобаны іске асыруға 1 млн 300 мың теңге қаржы бөлінген.


 Ерекше жоба университеттің жасыл ғылыми инновациялық жобаларды қолдау жөніндегі Sustainability Living Lab бағдарламасы аясында іске асырылмақ. Бұл жобаны агротехнология факультетінің аға оқытушысы Елена Иль қолға алған. Маманның айтуынша әзірге зертеу жұмыстары жүріп жатыр.


ЕЛЕНА ИЛЬ, М. ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚУ ОҚЫТУШЫСЫ:

- Бұл тақырып қашан да өзекті. Себебі қазір елімізде эко, био өнімдерге басымдық берілген. Біздің жаңа жобаның арқасында полимер мен целлофан пакеттерін мейлінше сирек қолданатын боламыз. Табиғатқа деген зардап, шығын да аз болады.


 Бастысы биоыдырайтын тағамдық қаптама эко-таза өнім. Бұл азық-түлікті сақтау, қоршаған ортаны қорғау және қалдықты қайта өңдеу мәселесін шешуге мүмкіндік береді.


НИНА КУЗНЕЦОВА, СТУДЕНТ:

- Қоршаған ортаға ешқандай кері әсері жоқ. Целлофан пакеттерімен салыстырғанда таптырмас құрал. Бұл жобаның үлкен мүмкіндікерге жол ашар ерекше өнім әкелеріне сенімдімін. Тек елімізде ғана емес, әлемге пайдалы іс болмақ.


Жобаны іске асыруға Аризона университетінің студенттері де білек сыбана кіріскен. Енді ғалымдар өндіріс техникасын жетілдіріп, өнімнің ағзаға әсерін зерттейтін болады. Сондай-ақ, жобаны паттенттеу жоспарда бар.


 Айнұр Досан