Петропавлдағы «Қарасай» стадионында Қазақстан Премьер-лигасының кезекті тур ойыны өтті. Бұл жолы жергілікті «Қызылжар» командасы турнир кестесінің жоғарғы сатысында тұрған «Қайратпен» клубымен кездесіп, тартысты матч өткізді. Дегенмен, тартысқа толы кездесуде алаң иелері қарсыласына есе жіберіп жеңіліс тапты.


Қос ұжымда ойының алғашқы минуттарынан бастап ширақ қимылдап гол соғатын мүмкіндіктер іздеді. Алайда, ойынның есебін «Қайрат» ФК шабуылшысы Дастан Сәтбаев ашып, гол соқты. Гол соғылғаннан кейін солтүстікқазақстандықтар ойын тізгінін өз қолдарына алып, белсенді әрекетке көшті. Олар бірінен соң бірі қарқынды шабуылдар жасап, қарсылас қақпасына қауіп төндіруге тырысты. Алайда, 1:0 есебі өзгеріссіз қалды. «Қызылжар» клубын қолдауға келген жанкүйерлер ойын өте тартысты әрі жоғары деңгейде өткенін жеткізді.