Астанада Солтүстік Қазақстан облысының ауылшаруашылық өнімдері жәрмеңкесі өтті. “Қазанат” ипподромында өткен іс-шараға өңірдің 110-нан астам тауар өндірушісі қатысты. Келушілерге ет, сүт, ұн, көкөніс және бал өнімдері сынды азықтар ұсынылды. Азық-түлік бағасы нарықтағыдан 10-15 пайызға төмен.
Елордада СҚО тауар өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр. Шараға өңірдің үздік өндірушілері қатысуда. 110-нан астам кәсіпорын өз өнімдерін ұсынады.
”Қазанат” ипподромына елордалықтар таңғы 8 болмай келе бастады. Барлығы теріскейден әкелінген өнімді таласа алуда. Өңіріміздің құнарлы топырағында өсірілген, кәсіпорындарында өндірілген тауарларға қаз-қатар тігілген сауда нүктелері лық толы. Мұнда негізінен ет, ұн, сүт, бақша дақылдары сынды халық көп тұтынатын азықтар орын тепкен. Жылдағы шараға Қызылжар ауданының іскер жандары 100 тоннадан астам өнім жеткізіпті.
СНХ:ҚАНАТ ДАРБАЕВ, Қызылжар аудандық ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және ветеринария бөлімінің басшысы:
Айыртау ауданынан Елорда төріне жеткізілген етке қызығушылық танытқандардың қатары көп болды. “Әміржанова” жеке кәсіпкерлігінің ашылғанына 25 жылдан асқан. Осы уақыт ішінде еңбекқұмар жерлесеріміз Астанада өткен бірде-бір жәрмеңкеден қалған емес.
СНХ:АЙЫМГҮЛ ӘМІРЖАНОВА, “Әміржанова” ЖК директоры, Айыртау ауданы
Ал Уәлиханов ауданынан келген “Азамат” фермерлік қожалығының өкілдері 2001 жылдан бері қымыз өндірумен айналысады. Өздерінің ұлттық сусынды дайындау тәсілдері бар. Содан болу керек балдай тәтті өнімге сұраныс жоғары. Кәсіпкер бір жарым литр қымызды 2500 теңгеден саудалауда.
СНХ:ГҮЛБАҚЫТ ҚҰЛМОЛДИНА, “Азамат” фермерлік қожалығының өкілі, Уәлиханов ауданы