Қызылжар ауданында «Ауыл мектебі – сапа алаңы» жобасы шеңберінде ауыл мектептерін дамытуға арналған облыстық көшпелі семинар өтті. Іс-шараның басты мақсаты – ауылдық білім ордаларындағы оқыту сапасын арттыру, тәжірибе алмасу және үздік педагогикалық тәсілдерді енгізу. Жиынға барлығы 100 мектеп директоры қатысты.
ЗКТ: Семинарда білім сапасын арттыру, ауыл мектептерін басқару, цифрлық технологияларды енгізу, STEM-бағытындағы оқыту және жасанды интеллект элементтерін оқу процесінде ұтымды қолдану сияқты өзекті мәселелер қаралды. Сондай-ақ, қатысушылар елді мекендердегі білім ордаларын трансформациялау бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысты. Негізінен жиында тірек және шағын жинақты мектептердің өзара байланысына және тиімді тәжірибелерді таратуға ерекше көңіл бөлінді.
СНХ: РОЗА СӘРКЕН, СҚО БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
- Қазақша//071//0:19 -
ЗКТ: Өңірдегі мектептердің 78%-ы – шағын жинақты ауыл мектептері. Облыс бұл көрсеткіш бойынша елімізде алдыңға қатарда тұр. Айта кетейк, аймақ республикадағы алғашқылардың бірі болып «Ауыл мектебі – сапа алаңы» атты жобаға қатысты. Жоба аясында 13 шағын жинақты мектеп замауани құрал –жабдықтармен қамтамасыз етілді.
СНХ: ӘСЕЛ АЙТҚОЖИНА, "№1 МАМЛЮТ МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ" КММ ДИРЕКТОРЫ
- Аударма/// 8067// 0:10///Біз 2023 жылдан бастап «Ауыл мектебі – сапа алаңы» жобасына қатысамыз. Биыл міне 3 жыл болды. Білім ордамыз тірек мектеп мәртебісіне ие. 3 магниттік мектеппен өзара байланыс орнатамыз. Мұғалімдер бірлесіп жұмыс істейді. Teams және Zoom платформалары арқылы онлайн сабақтар өткізеді. Мониторинг жүргіздік. Мектептерге барып оқушылар арасында сауалнама және тестілеу жұмыстарын өткіздік. Нәтижесінде, қандай мәселелер бар екенін анықтай алдық.
ЗКТ: Алдағы уақытта «Ауыл мектебі – сапа алаңы» жобасы одан әрі жаңғыртылып, ауыл мектептеріндегі білім сапасын көтеруге жаңа серпін береді деп күтілуде.