Республика күні мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылдануының 35 жылдығы қарсаңында ІІО ардагерлерінің жас полицейлермен кездасуі өтті. Полиция ардагерлері жас қызметкерлерге борышқа адалдық пен офицерлік ар-намыс, сондай-ақ өмірдің қиын сабақтары туралы әңгімелеп берді.

Ішкі істер органдары ардагерлерімен кездесу облыстық полиция департаменті мұражайында өтті. Ардагерлер өздері қызмет атқарған ведомствосының қоғамдық өміріне белсене қатысып, әрдайым жас қызметкерлерге өз тәжірибелерімен бөлісіп келеді. Көпшілігі тәлімгерлер кеңесінің құрамында.

СНХР: Руслан Тасимов — СҚО ПД жеке құраммен жұмыс басқармасының бастығы


Тәжірибелі тергеушілер Атымтай Аманжолов пен Күлбарам Бәкенова, жедел уәкіл Фарит Бегішев жас полицейлермен қазіргі заманауи техника мен байланыс құралдары болмаған кезеңдегі жұмыс тәжірибелерімен бөлісті. Олар өз істерінде заңға қатаң сүйеніп, шығармашылық тәсіл мен табандылықтың арқасында ауыр әрі күрделі қылмыстарды ашқан.

СНХР: Кәпез Дәулетбаев — СҚО ПД тәлімгерлер кеңесінің төрағасы, ІІО ардагері


«Ардагерлердің өмір жолы — жас ұрпаққа үлгі» бүгінгі кездесу дәл осылай аталды. Аға буын өкілдері жас полицейлерге «Заң мен Тәртіп» негізінде адал қызмет етіп, үнемі кәсіби тұрғыда дамуға және қоғам игілігі жолында бар күш-жігерін аямай еңбек етуге кеңес берді.