Солтүстік Қазақстан облысында Аққайың ауданының аграрийлері гектарынан 62 центнер астық жинады. Мұндай көрсеткіш бірнеше онжылдық бойы болмаған. Биыл мемлекеттік қолдау және қолайлы ауа райы жағдайлары ауыл шаруашылығы өндірушілеріне оң нәтиже берді.


«Полтавское» ЖШС – өңірдегі озық шаруашылықтардың бірі. Ауыл шаруашылығы құрылымы жыл сайын сапалы өнім өндіреді және ауыл мен жергілікті тұрғындардың дамуына әлеуметтік қолдау көрсетіп келеді. Биыл аграрийлердің еңбегі мол өніммен ақталды.

СНХ: ЕЛТАЙ ЗІКІРИН «ПОЛТАВСКОЕ» ЖШС ДИРЕКТОРЫ


Қазақстанда аграрийлерге көрсетілетін мемлекеттік қолдау аясында көктемгі егіс пен орақ жұмыстарына жеңілдетілген қаржыландыру, субсидиялау бағдарламалары, арзандатылған дизель отынын бөлу және басқа да қолдаулар қарастырылған. Фермерлер өнімді өткізу бағасына да риза.

СНХ: ЕЛТАЙ ЗІКІРИН «ПОЛТАВСКОЕ» ЖШС ДИРЕКТОРЫ


Биыл серіктестіктің егістік жер көлемі 12 мың гектарды құрады. Қазір компания қызметкерлері жерді жыртумен айналысуда. Тәулігіне 1000 гектарға дейін жер жыртылады.