Есіл ауданына қарасты Петровка ауылдық округінде 1200-ге жуық тұрғын тұрады. Ауылда 2 мектеп пен 1 колледж бар. Соның бірі — Петровка орта мектебі. Биыл білім ордасына 243 млн теңге бөлініп, күрделі жөндеу жүргізілді. Соңғы жылдары округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы қарқын алып келеді.

Биыл мектепте ауқымды жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мемлекеттік бюджеттен бөлінген 243 миллион теңге қаржыға оқу орнының шатыры толық ауыстырылып, вахталық бөлім бөлек ғимаратқа көшірілді. Сонымен қатар, жаңа кіреберіс бөлігі салынды. Жөндеу жұмыстары оқу процесіне ыңғайлы жағдай жасауға бағытталған.

СНХ: АЛТЫНАЙ РАХМЕТОВА, ПЕТРОВКА ОРТА МЕКТЕБІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОҚУ ІСІ БОЙЫНША ОРЫНБАСАРЫ


Білім берудің тұрақты даму қорының қолдауымен мектепте екі жаңа кабинет ашылды. Оның бірі — жаратылыстану бағытындағы ғылым кабинеті, екіншісі — ІТ саласына бағытталған мультимедиялық кабинет. Бұл жерде информатика пәнінің мұғалімі Рахат Оспанов оқушыларды робототехникаға баулып, жобалар жасауға үйретіп жүр.

СНХР: РАХАТ ОСПАНОВ, ИНФОРМАТИКА ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ


Мектеп тек білім сапасымен емес, спорттағы және шығармашылықтағы жетістіктерімен де ерекшеленеді. Жақында бір оқушы аудандық ғылыми жобалар байқауында тарих пәні бойынша І орын алып, облыстық кезеңге жолдама алды. Ал қыздар волейбол командасы аудан біріншілігінде топ жарып, енді облыстық спорттық додаға қатысады. 10-сынып оқушысы Кирилл Панкратов – мектеп президенті, оқу үздігі. Ол робототехникамен айналысып, түрлі жобалар жасап келеді.

СНХ: КИРИЛЛ ПАНКРАТОВ ПЕТРОВКА ОРТА МЕКТЕБІНІҢ 10 СЫНЫП ОҚУШЫСЫ


Бүгінде білім ордасында 153 оқушы екі тілде — қазақ және орыс тілдерінде білім алуда. Ұжым құрамында 45 педагог бар. Олардың қатарында өз ісінің шеберлері — педагог-зерттеуші, сарапшы және модератор санатындағы ұстаздар еңбек етуде.