Петропавл жастары ауған соғысы ардагерлеріне арналған ескерткіш алаңын қалыпқа келтірді.
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы аясында ұйымдастырылған «Таза бейсенбі» акциясына «AMANAT» партиясының мүшелері, «Жастар рухы» жастар қанатының белсенділері мен еріктілер қатысты. Олар ескерткіш орналасқан аллеяны қоқыс пен шашылған жапырақтан тазартты. Ұйымдастырушылар акция жалғасын табатынын жеткізді.
СНХ: БАЙЖАН ӘБДІРОВ, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ КОНСУЛЬТАНТЫ
Бұл тек біздің қаламызда емес СҚО-ның аудандарында, ауылдарында осындай апта сайын өтіп жатыр. Қаламыздың енді, ауданымыздың таза болғаны өзімізге жақсы. Сол үшін біздің волонтерларымыз, студенттеріміз, барлығы бір жұдырықтай жұмылып, атсалысады.