Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов пен шаһар басшысы С.Мұхамедиев Петропавл қаласы тұрғындарының сұрақтарына жауап берді. Жиында өңір тұрғындары өздерін толғандырған сауалдарына жауап алып, кейбірі әкімдердің жеке қабылдауына жазылды.


 Әкімдермен кездесуге келгендердің бірі Петропавл қаласының тұрғыны – Зүльфия Қабдрахманова. Ол Парк көшесі 21 үйдің ПИК төрағасы.

Облыс орталығындағы көпқабатты үй 2023 жылдың қарашасында пайдалануға берілген. Бірақ, тұрғындар әлі күнге дейін ыстық су мен жылуға дұрыс жарымай отыр. Әсіресе, жоғары қабаттағы пәтерлердің иелері қиындық көріп КЕЛЕДІ.


 «Әкімдікке бірнеше рет барып шағымдандым. Бірақ жауап ала алмадым. Осы мәселе қашан шешіледі? Біз күтуден шаршадық. Мен әкімнің орынбасарына да жүгіндім. Ол хабардар. Бірақ үш ай бойы жауап бермеді. Бұл үйде тұратындардың 40% мүгедек. Оларға мүлдем қиын болды. Жуыну үшін шәйнектеп суды жылытуға мәжбүрміз


 ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

-  Бұл тұрғын үйдің мекен-жайын жазып алыңыз. Міндетті түрде тексеріс жүргізу керек. 3 ай бойы ыстық сусыз отыру деген өте өзекті мәселе. Бұл менің жеке бақылауымда болады. Шәйнекпен суды жылыту деген дұрыс емес. Міндетті түрде Серік Мақсұтұлы маған баяндайтын болыңыз.


 Облыс әкіміне өз шағымымен «Орман» ықшам ауданының тұрғындары да келді. Олардың сөзінше, бұл ықшам ауданда тек 2 көше жарықтандырылған. Қалған 12-сіне жарық берілмеген. Балаларымыз таңертең және кешке сыртқа шығуға қорқады дейді олар..


«Орман» ықшам ауданын жарықтандыру жобасын көрдік. Ол жерде жаңадан салынып жатқан мектептің «Алтын дала» көшесі биыл жарықтандырылады деп тұр. Ол көшеде қазір жарық бар. Ол жерге қайтадан электр энергиясын жүргізіп қайтеді. Ал басқа көшелер ше? Ол жақта қаңғырған иттерде көп. Көшелер қап-қараңғы


 СЕРІК МҰХАМЕДИЕВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

-  Биыл біз «алтын дала» көшесін қайта қалпына келтіреміз. Осы жоба аясында «Орман» ықшам ауданындағы басқа көшелер де жарықтандырылады. Бұл көшелерді біз біртұтас қаланы жарықтандыру жобасына қосамыз. Мәселе биыл шешіледі.


Кездесуге қала тұрғыны – Кристина Белых та келді. Ол жетімдер санаты бойынша әкімдікте үй кезегінде тұр. Алайда, әлі де өзіне тиесілі пәтерге қол жеткізе алмаған. Облыс әкімінен осы мәселеде көмек көрсетуін сұрады. Кристинаның айтуынша, өмірлік қиын жағдайда жүрген кейбір адамдарға бұрыңғы қала әкімі уақытша пәтер берген. Неліктен заң барлығына бірдей емес деп өз наразылығын білдірді.


СЕРІК МҰХАМЕДИЕВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Биыл біз жетім санатына жататын балаларға 120 пәтер беріп үлгердік. Барлығы кезекке сай беріліп жатыр. Биыл жетім балаларға тағы қосымша 28 пәтер берілмек. Бұл санатқа жататын балаларға үй республикалық бюджеттен қаржыландырылады. Ал өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға заң бойынша тек жатақханадан бөлме беріледі.Ал сіз мәселе бойынша менің жеке қабылдауыма келсеңіз болады.


Кездесу барысында тұрғындар Петропавлдағы шыны аялдамаларға да шағымданды. Олардың сөзінше, олар біздің климатқа сай келмейді.


СЕРІК МҰХАМЕДИЕВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

-  Жалпы қалада 388 аялдама бар. Оның 284 шыныдан жасалған. олардың 22-сі кәсіпорынның басқаруында. Осы шыны аялдамаларға шағым өте көп түседі. Сол себепті қазір оларды ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Алайда олардың саны тым көп болғандықтан барлығын бірден жаңарту мүмкін емес.


 Әлеуметтік желіде өңір тұрғындарының қызу талқысына түскен Шал ақын ауданы Балуан ауылының тұрғындары да кездесуге келді. Облыс әкімінен паи мәселесін шешіду сұрады.


- Біздің құжат дұрыс істелмеген болды. Олар паиды аласыңдар, бірақ соттаспайсыңдар деген құжатқа қол қойғызып жүрді. Халық пайлдарын әлі де ала-алмай жүр....


 Өңір басшысы өзінің бірінші орынбасары М.Тасмағанбетов пен облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Мейрам Меңдібаевқа бұл мәселені заңды түрде шешіп, тұрғындарға мән-жайды түсіндіруді тапсырды.