Петропавл қаласында 25 қазан — Республика күніне орай Қызылжар креатив орталығында «Ауыл» партиясының белсенді мүшелерін марапаттау рәсімі өтті. Іс-шара барысында өңірдің дамуына және партия жұмысының нығаюына үлес қосқан азаматтарға арнайы төсбелгілер мен алғыс хаттар табыс етілді.
Салтанатты іс-шара «Ауыл» партиясы облыстық филиалының төрағасы Қайрат Пшенбаевтың құттықтау сөзінен бастау алды. Ол жиналғандарды Республика күнімен құттықтап, мерекемен қатар тұспа-тұс келген партияның 25 жылдық мерейтойының маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, ол партияның ел ішінде атқарып келе жатқан жұмыстары мен ауыл халқының әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған бастамалардың нәтижесін атап өтті. Осы орайда, СҚО филиалының белсенді партия мүшелері — соның ішінде депутаттар мен ауылдық округ әкімдері және қоғам өміріне белсенді үлес қосып жүрген азаматтар арнайы төсбелгілермен марапатталды.
СНХР: САЛТАНАТ ҚУАНЫШОВА, «Ауыл» партиясының СҚО бойынша филиалының консультанты
Ауылдың болашағын ауылдан шыққан азаматтар айқындап келеді. Солардың бірі — бүгін арнайы төсбелгімен марапатталған «Ауыл» партиясының депутаты Бәри Ғабдолқапар. Ол партия құрамына қосылғанына небәрі екі жыл ғана болса да, ауылды дамыту жолында белсенді еңбек етіп жүрген жандардың бірі. Бәри Ғабдолқапардың айтуынша, жастарды ауылға тарту — партия жұмысының негізгі басымдықтарының бірі. Оның бастамасымен соңғы екі жылда 10-ға жуық жас отбасы ауыл шаруашылығы саласына бет бұрып, туған жеріне қызмет етіп келеді.
СНХР: БӘРИ ҒАБДОЛҚАПАР, ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ
Еске сала кетейік, биыл партия бастамасымен өңірде ауқымды жобалар жүзеге асырылды. Соның ішінде 300 мыңнан астам тұрғынды қамтыған «Ауыл Fest» фестивалі мен «Ауыл әйелдері – ұлт мақтанышы» атты республикалық форумы.