Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында облыс әкімдігінде депутаттар мен мемлекеттік қызметшілерді марапаттау салтанаты өтті. Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов оларға алғысын білдіріп, «Мемлекеттік қызмет ардагері» медалімен және Парламент Сенатының Құрмет грамотасын табыс етті.

1990 жылғы 25 қазанда қабылданған Мемлекеттік егемендік декларациясы Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуына жол ашты. Осы уақыт ішінде Солтүстік Қазақстан облысы барлық салаларда тұрақты түрде дамып келеді.

СНХ: ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ


Әлеуметтік-экономикалық дамуға қосқан зор үлесі және Республика күні мерекесіне орай, Қызылжар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Жанар Ақылбаева «Мемлекеттік қызмет ардагері» медалімен марапатталды. Сонымен қатар, Парламент Сенатының Құрмет грамотасы барлық деңгейдегі депутаттарға табысталды.

СНХ: ВЛАДИМИР БУБЕНКО, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫ


Жиын соңында жиналғандар естелік суретке түсті.