Петропавлда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясында қарттар күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Оған өмірінің көп жылдарын еңбекке арнаған жандар қариялар, ардагерлер ұйымдарының және этномәдени бірлестіктердің белсенділері қатысты.
Жиын барысында зейнеткерлердің өңір дамуына қосқан үлестері, қоғамдық өмірдің түрлі салаларындағы белсендігі туралы айтылды. Сондай-ақ, олардың бірлік пен ұлтаралық келісімді нығайту жолындағы еңбектері де аталды.
СНХ: ЕСКЕНДІР ЕЛЕУСІЗОВ, ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
Қарттар - елдің қымбат қазынасы. Оларға құрмет көрсету және мерекелік көңіл күй сыйлау мақсатында арнайы концерт ұйымдастырылды. Іс-шара барысында өнерпаздар әсем әндер шырқап, мың бұрала би билеп, көрермендерге шаттық көңіл-күй сыйлады.
СНХ: НИНА ПОЛЕЧУК, ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІ ЖАНЫНДАҒЫ АРДАГЕРЛЕР КЛУБЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Іс-шара соңында атынан бірқатар ардагер мен белсенді азаматтар Алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Марапат иелеріне олардың ұзақ жылғы еңбегі мен қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді нығайту ісіне қосқан зор үлестері үшін ерекше алғыс білдірілді.