Облыс орталығында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы мен Республика күні қарсаңында «Рухы мықты: ел дамуына үлес қосқан арулар!» тақырыбында кездесу өтті. Іс-шараның мақсаты - қоғамның түрлі салаларында табысты еңбек етіп жүрген әйелдердің үлесін атап өту және олардың еңбегін көпшілікке үлгі ету болды.

Жиында басты қонақ өңірдің дамуы жолында елеулі еңбегін сіңірген жандар Панзагүл Сейдахметова және Светлана Малхасян болды. Олар өз өмірін Отанға, халық игілігіне арнаған, қайсар мінезі мен табандылығымен көпке үлгі болған жандар. Кездесуде қатысушылар олардың өмір жолынан өнеге алып, батырлық пен ерік-жігердің, отансүйгіштіктің биік үлгісін атап өтті.

СНХ: ГҮЛБАҚША МҰСАБАЕВА, ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ ПАРТИЯСЫНЫҢ ӘЙЕЛДЕР ҚАНАТЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ