Полицейлер шетелдік нөмірлері бар көліктерді тексеріп жатыр. Облысымыздағы арнайы автотұрақтарға қанша тіркелмеген көлік қойылғанын облыстық полиция ведомствосы баспасөз қызметі дайындаған материалдан біле аласыздар.
Өңірдің тәртіп сақшылары шетелдік нөмірлері бар автокөліктерді тоқтатып, көлік құралын тіркеу туралы куәліктерді тексереді. 2024 жылдан бастап қазақстандықтарға және ҚР-да тұруға ықтиярхаты бар басқа елдердің азаматтарына шетелдік есепте тұрған автокөліктерді пайдалануға тыйым салынды.
Шетелден әкелінген көліктерді заңдастырудың бұрын ұзартылған мерзімдері шықты. Енді тіркеуден өтпеген автокөлікті басқару әкімшілік заңнаманы бұзу болып есептеледі.
Өмірғали Оразғали, СҚО ПД Петропавл қ. ПБ ППБ қызметінің аға инспекторы:
- Осы талаптарды орындамаған жағдайда шетелдік тіркелген автокөлік жүргізушілеріне қатысты ҚР ӘҚБтК 590-бап 2-бөлігі «Белгіленген тәртіппен тіркелмеген көлік құралын басқару» бойынша 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салу мен арнайы тұраққа көлік құралдарын қоюмен әкімшілік хаттама толтырылады.
Бүгінгі таңда облыста Қазақстанда тіркелмеген автокөліктерді басқарудың 15 жағдайы анықталды. Полицейлер автокөлік иелеріне шетелдік есепте өз автокөлік құралдарын тіркеу бойынша дереу шаралар қабылдауды сұрайды. Жүргізіліп жатқан жұмыстың түпкі мақсаты — жолдардағы құқық бұзушылықтардың жазасыздығына ықпал ететін жағдайларды жою, жүргізушілердің тәртібін арттыру және жол қозғалысы қауіпсіздігін нығайту.