Батыр Баян – жоңғар шапқыншылығына қарсы күрескен қазақ батырларының ішіндегі шоқтығы биік тұлғалардың бірі. Биыл айбынды қолбасшы, ержүрек жауынгердің туғанына 310 жыл толып отыр. Осыған орай облыстық кітапханада «Батыр баян – ел тарихындағы ұлы тұлға» атты тарихи кеш өтті. Маңызды жиынға зиялы қауым өкілдері, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің студенттері мен Батыр Баянның ұрпағы қатысты.
Батыр Баян Абылай ханның сенімді серігі болып, хан әскерінде ірі құрамаға жетекшілік еткен. Сонымен қатар ол қазақ-жоңғар шайқасында асқан ерлігімен ерекше көзге түсіп, «Батыр Баян» атанған. Оған қоса ел билеген көсем де болған. Оның есімінің ұрпақ жадында жаңғыруына ғалым Шоқан Уәлихановпен қатар ақын Мағжан Жұмабаев та орасан зор үлес қосқан. Ол «Батыр Баян» поэмасын Мұхтар Әуезовтың үйінде 1 түнде жазып бітірген екен.
ЖАЗИРА КӨКБАС, М. ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚУ ЖАНЫНДАҒЫ ТІЛ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ ИНСТИТУТЫНЫҢ АҒА ОҚЫТУШЫСЫ, ҒЫЛЫМ МАГИСТРІ:
Батыр Баян дастанында не айтылады. Кезінде біздің қазақ даласына көз тігіп, жан-жақтан шапқыншылық жасап отырған қытай мен жоңғардың ортасында қалған қазақ жерінде ақылдасу үшін Абылай хан қасындағы барлық нөкерлерін шақырып, Көкшенің бойына жинайды. Сол Көкшенің бойына жинаған кезде 1- күн батырларды күткізіп қояды. Тағы бір адам келеді, сол адам келгеннен кейін барып мен ақұылдасатын бүгінгі шаруаның басын айтамын деп. Сол ақылдасуға келмей жатқан адам ол Батыр Баян екен. Абылай хан батырды осыншама күткізіп отыруының себебі, батыр Баянның жайдан-жай адам емес екенін халық түсінеді.
Бүгінгі тарихи кешке Батыр баянның 6-ұрпақтары да қатысты. Солардың бірі – Аманжол Баймұратов. Оның айтуынша, бар қазаққа батырлығымен аян болған Батыр Баян жатқан зираттың араға көп жыл салып 2015 жылы табылуы айтарлықтай жаңалық. Қазіргі уақытта Қарағанды облысына қарайтын Шет аудандағы Қарабұлақ ауылының маңында жауынгердің кесенесі бар.
АМАНЖОЛ БАЙМҰРАТОВ, БАТЫР БАЯННЫҢ ҰРПАҒЫ:
Батыр Баянның арқасында көп іс-шаралар жасалынып жатыр. Біріншіден, Батыр баянның қай жерде туып-өскені анықталды. Осы Солтүстік Қазақстан өңірінде Қарағанды совхозының Арлағаш деген кентініде туып өскен. Өйткені, оның бір дәлелдерімен осы зиратта бел немересі Байтұқа мен Жантұқа деген біздің зиратта жатқан көрінеді.
Толғанай Бейсенбаева, тілші:
- Абылай ханнан үш жүздің батырларынан кімдерді ерекше бағалайсыз деген сұраққа, Бәсентиін Малайсары байлығымен, өр мінезімен көзге түссе, Уақ Баян ақылдылығымен, батырлығымен ерекшеленеді деп жауап берген екен. Шоқанның бұл деректерінен Батыр Баянның халқына да, ханына да мәлім ержүрек батыр, тұлғалы азамат болғанын көреміз.