Манаш Қозыбаев атындағы СҚУ-де «Ірі қара мал мен жылқы терісін ЖОЮ ЖӘНЕ жоғары ақуызды жемшөп қоспасын ЖАСАУ ҮШІН қайта өңдеу технологиясын коммерцияландыру» атты ғылыми жобаның тұсаукересі өтті. Бұл жобаның іске асуы үшін «Ғылым қоры» 3 жылға 350 млн еңге көлемінде грант бөліп, қолдау білдірген. іс-шараға министірліктің, облыс әкімдігінің өкілдері, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер, ғалымдар мен шетелдік қонақтар қатысты.
Дүние жүзі бойынша аққуыздың жетіспеушілгі 20 % -ды құрайды. Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Ақан Жүнісов даярлаған азықтық ұнтақ осы күрмеулі мәселенің бірден бір шешімі болмақ. Жоба авторы осы мақсатта «Петропавл бройлер фабрикасы» ЖШС-мен 2 жыл бірлесіп табысты жұмыс атқарып келеді. Олар ірі қара мал мен жылқы терісін өңдеп, одан ақуызы жоғары жемдік қоспа өндіруді қолға алып, жаңа бастама көтерді. Университет оқытушысы Ақан Жүнісовтың айтуынша, бұл ұнтақталған жем құс, балық, мал шаруашылығында қолданылады. Сонымен қатар ғалымдар жылына 300 тонна өнім шығаруды, 3000-ға жуық ірі қара мал терісін өңдеуді жоспарлап отыр.
АҚАН ЖҮНІСОВ, АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ:
Ең бірінші, Алматы технологиялық университетінің ғылыми зерттеу зертханасында біз алынған дайын өнімді тексердік. Құрамында қанша мөлшерде белок бар, ққанша амин қышқылдары бар деген сияқты, жалпы қоректілігін анықтадық. Осыдан кейін біз құстарда, етті қара малды бордақылау алаңдарында өткіздік. Құстарда 3,5,7 пайызда бердік, қара малға да азыққа қосып бердік. Сонда жалпы алынған нәтижеміз, әсіресе құс өзінің салмағын 25 пайызға өсірді. Мысалы, айталық құстан 80 грам тәуліктік қосымша салмақ алаатын болсақ, 6,016 грамдай қосымша салмақ. Бұл құс фабрикссы үшін үлкен қосымша табыс.
Ғалым өзінің ғылыми зерттеу жұмысын өндіріске енгізіп, конкурсқа ұсынар алдында Петропавлдағы Бройлер-құс фабрикасында тәжірибеден өткізген. Нәтижесінды жұмысын ғылыми жобаларды қаржыландыру конкурсына ұсынған. Ұлттық ғылыми кеңестің шешімі бойынша биылғы жылы аталған жоба үздік деп танылды. Бұл жобаны жүзеге асыру барысында ғалымдар, ауыл шаруашылығының мамандары жоғары аққуызды жем қоспаларын өндіріу өнеркәсібін ашты, дейді- Манаш Қозыбаев университетінің басқарма төрағасы, ректордың кеңесшісі, Жанар Таласпаева.
ЖАНАР ТАЛАСПАЕВА, KOZYBAYEV UNIVERSITY БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ, РЕКТОРДЫҢ КЕҢЕСШІСІ:
Бұл ретте біздің СҚО осы салада көшбасшы ретінде өзінің имиджін көтереді деген үлкен біздің амбициялық мақсатымыз бар. Онымен қоса біздің Онымен қоса біздің ғалымдардың, ғылыми зерттеу жұмыстарының негізінде жоғары технологияны пайдаланып отырып, осы жем қоспаларын өндіруде шығындарды азайту мәселесі де жобаның мақсатына айналып отыр. Жалпы еліміздің экономикасының, ауыл шаруашылығы саласының дамуына үлкен үлесін қосатын ірі жоба деп танимыз.
Ғалымдардың пікірінше, бұл жобаны толық іске қосу үшін кемінде 4 жыл керек. Алдағы уақытта СҚУ оқытушылары мен «Петропавл бройлер фабрикасы» ЖШС басшылығы, «СК Протеин» ЖШС бірігіп аталған жобаны жүзеге асырмақ.