Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы қоғамдық бірлестік зейнеткерлердің уақытын мазмұнды өткізуге жағдай жасап отыр. Мұнда зейнет жасындағылар ән айтып, би билеп, қолөнермен айналысады.

Аға буын өкілдерінің ұраны – жасқа қарамай белсенді болу.

Фокстрот пен танго. Ырғақ пен әуен. Би үйретуші ұстаз талапшыл мінезімен ерекшеленеді. Сабақтан қалуға болмайды. Мұнда ең бастысы – өзін-өзі тәртіпке келтіру, дейді жетекші.

СНХ: ВЛАДИСЛАВ ОЛЕНЧУК, ХОРЕОГРАФ


Шығармашылық – алға жетелейтін басты күштің бірі, – дейді бірлестік жетекшісі Татьяна Вербицкая. Оның айтуынша, қартаймаудың сыры – күн сайын жаңа бір нәрсені үйрену. Айталық мұнда зейнет жасындағылар жаңа ән, жаңа би үйреніп, күндерін көтеріңкі көңіл-күйде өткізеді.

СНХ: ТАТЬЯНА ВЕРБИЦКАЯ, «СЕКРЕТЫ ДОЛГОЛЕТИЯ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ


Яна Богова «Злато колечко» бірлестігінің вокалдық тобына екінші жыл қатарынан жетекшілік етеді. Ұжымның репертуарында «Крутой поворот», «Веселый ветер» сынды ырғақты әндер бар.

СНХ: ЯНА БОГОВА, «ЗЛАТО КОЛЕЧКО» ВОКАЛДЫҚ ТОБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ


Қоғамдық бірлестіктегі қарттардың бай өмірлік және кәсіби тәжірибесі бар. Шығармашылыққа, жаңалыққа және өмірге деген құлшыныс – ұзақ өмірдің сыры.