Биыл Ішкі істер министрлігі жанындағы қоғамдық кеңеске тұрғындардан 900-ден аса хат түскен. Кеңес мүшелерінің айтуынша, жол-көлік оқиғалары, интернет алаяқтардан қорғану, бала қауіпсіздігіне қатысты сауал жолдағандар көп. Оларға құқық қорғау органдарының қызметкерлері, заңгерлер көмек көрсеткен. Мұндай жұмыс құқықтық сауаттылықты арттыру, қылмыстың алдын алу үшін жасалады. Бұдан бөлек, осы мақсатта республикалық науқандар, семинарлар мен дәрістер жүйелі түрде өткізіледі.
СНХ: БАХТИЯР МӘКЕН, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ ЖАНЫНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ТӨРАҒАСЫ