Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Сингапурда өткен Ұйымшыл қоғамдар жөніндегі халықаралық конференцияға қатысты. Бұл жиында әлемдегі біртұтас және тұрақты қоғам құру жолдары талқыланды. Жоғары палата спикері дөңгелек үстелде сөз сөйлеп, екі елді ортақ құндылықтар байланыстыратынын айтты. Сондай-ақ, мемлекетаралық ынтымақтастық соңғы жылдары жаңа деңгейге көтерілгенін атап өтті. Форумда Қазақстан өткізетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары Съезінің миссиясы да жоғары бағаланды. Конференцияға 50-ден астам елден дін қайраткерлері, сарапшылар мен жастар жиналды. Сондай-ақ, Сенат төрағасы конференция аясында өткен дөңгелек үстелге қатысты.

СНХ: МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ – ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ