28-маусым – БАҚ қызметкерлері күні. Мереке қарсаңында қалалық №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде ашық есік күні ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – өрт сөндірушілердің күнделікті қызметімен жақын таныстыру, олардың атқаратын маңызды әрі қауіпті жұмыстары жайлы кеңірек мәлімет беру.

СНХ: АҚЖҮНІС МҰҚАТАЙ, ТІЛШІ


БАҚ өкілдеріне нағыз өрт сөндірушілердің рөлін сезініп көруге мүмкіндік берілді. Олар арнайы қорғаныс киімдерін киіп, өрт сөндірушілер сияқты кедергілерден өтіп, жаттығу алаңында жүгіріп, өз күштері мен ептіліктерін сынап көрді. Бұл тәжірибе қатысушыларға кәсіби мамандардың жұмысындағы физикалық жүктемені және жауапкершілікті тереңірек түсінуге жол ашты.

аударма 069 00

СНХ: НҰРХАН ТҰЯҚОВ, СҚО ТЖД №2 МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ


Сондай-ақ, БАҚ өкілдері өрт сөндіру бөлімінің ішкі жұмысымен толық танысты. Олар кезекшілік бөлмесін, өрт туралы хабарламалар түсетін диспетчерлік орталықты, қызметкерлердің білімін жетілдіретін сыныптарды, тынығу бөлмелерін және спортпен шұғылданатын арнайы аймақты аралады. Кейін техника паркіне барып, өрт сөндіру көліктері мен төтенше жағдай кезінде қолданылатын заманауи құрал-жабдықтар туралы толық мәлімет алды.

СНХ: АННА ФЕДОРОВИЧ, ЖУРНАЛИСТ


Қоса кетейік №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде 50-ге жуық кәсіби маман жұмыс істейді.