Петропавлда қоян-қолтық ұрыстан жерлесіміз, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Азамат Нұрпейісовты еске алуға арналған турнир басталды. Спорттық додада 50-ге жуық спортшы бақ таластыруға ниет еткен.
Жерлесіміз Азамат Нұрпеисовты еске алуға арналған чемпионат жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдас тырылып тұрады. Биылғы жарыста еліміздің жеті өңірінен 50-ге жуық спортшы сынға түсіп жатыр. Турнирде ҚР Ұлттық ұлан академиясының офицерлері, сарбаздары мен курсанттары жеті салмақ дәрежесі бойынша күш сынасуда.
СНХР: МАҚСАТ НҮСІПОВ, ҚР ҰҰ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ДЕНЕ ДАЯРЛЫҒЫ ЖӘНЕ СПОРТ КАФЕДРАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан академиясында спорттық дәстүр қалыптасқан. Курсанттар мен офицерлер көптеген жылдар бойы ел чемпионаттары мен халықаралық деңгейдегі жарыстарда үздіктер қатарынан көрініп жүр.
СНХР: БАЙБОЛ ҚУАНЫШОВ – ҰЛТТЫҚ ҰЛАН АКАДЕМИЯСЫНЫҢ 3-КУРС КУРСАНТЫ
Үш күнге шақталған турнирде жеңімпаздарға кубоктар мен чемпиондық белбеулер табысталады.