Петропавлда сауда үйлерінің бірінде «Сауатты көрнекі ақпарат – баршамызға ортақ іс» атты түсіндіру акциясы өтті.

Мамандар кәсіпкерлерге мемлекеттік тілде көрнекі ақпаратты дұрыс жазу және рәсімдеу бойынша кеңес берді. Жобаның мақсаты – тіл заңнамасының нормаларын еске салу және бизнес саласындағы сауаттылық деңгейін арттыру. Жоба барысында орфография мен аударма ережелеріне ғана емес, мәтіннің көрнекі безендірілуіне — қаріп, түс, оқылымдылыққа да ерекше назар аударылды.

СНХ: ӘЛФАРАБИ МЫҢБАЙ, ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ