Негізгі Жаңалықтар "Тәртіп батырлары күн" акциясы өтті

"Тәртіп батырлары күн" акциясы өтті

Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын насихаттау тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында Қызылжар ауданына қарасты Бескөл ауылында «ТӘРТІП БАТЫРЛАРЫ КҮНІ» атты акция өтті. Іс-шараны Қызылжар ауданының прокуратурасы ұйымдастырды.

Акцияның басты мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және құқық қорғау жүйесіне деген сенімді нығайту. Іс-шара барысында әр тұрғын өзіне қажетті сұрақтарды қойып, құзырлы мамандардан кеңес алу мүмкіндігіне ие болды. Сондай-ақ, азаматтарды жеке қабылдауды аудан әкімдігі мен құқық қорғау органдарының өкілдері жүргізді..

СНХР: ҚАЙСАР ӘБІШЕВ, ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ


Бөлісу