Биылғы оқу жылында қазақтың ұлы ақыны, ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай мектепте ерекше жобалар қолға алынды. Соның бірі - Назарбаев Зияткерлік мектебінде желтоқсан мен мамыр айлары аралығында өткен мектепішілік байқау. Сайыста үздік атанғандар жолдама ұтып алып, Семей өлкесіне сапарға шықты.
Конкурстың ұйымдастырылуына оқушылардың ата-аналарының бірі Жомарт Омаров демеушілік көрсеткен. Байқау оқушылардың шығармашылығы мен зияткерлік әлеуетін дамыту мақсатында өткізілді.
СНХ: ЖОМАРТ ОМАРОВ, КӘСІПКЕР
Зияткерлік мектепте әрқайсысы 50 оқушыдан тұратын 10-нан астам шаңырақ бар. Мектепішілік сайыс осы шаңырақтар арасында өтті. Байқау нәтижесінде бас жүлде Мағжан Жұмабаев атындағы шаңыраққа бұйырды.
СНХ: ЛӘЙЛІМ БОРАНБАЙ, НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ 11-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ
Сапарға 7,8,және 11-сынып оқушыларынан барлығы 40 бала аттанды. Ұл-қыздар Абай туған өлкеде екі күн болып, ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығына байланысты киелі орындарды аралап, тарихи-мәдени танымдарын тереңдетеді.
СНХ: СӘУЛЕ УӘЛИЕВА, НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ ПЕДАГОГ-ҰЙЫМДАСТЫРУШЫСЫ
Айта кетейік, байқау жүлдегерлеріне 1-орын иегерлеріне 200 мың теңге, 2-орынға 150 мың теңге, ал 3-орынға 100 мың теңге көлемінде қаржылай сыйлықтар табысталды