Петропавлда креатив орталығында "Заң және тәртіп" апталығы аясында "XXI ғасырдың цифрлық триггерлері" форумы өтті. Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері мен бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері қатысты.
Форумның мақсаты — азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыру және интернеттегі қауіп-қатерлер туралы ескерту. Қатысушылар қаржы пирамидаларын тану, интернет-алаяқтықтың алдын алу және дропперліктің белгілерін түсіну сияқты негізгі тақырыптарды талқылады.
СНХ: ВИКТОРИЯ АЛПЕЕВА, СҚО ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ
Облыстық прокуратура халықпен тығыз жұмыс жүргізіп келеді. Құқық қорғау органының өкілдері азаматтардың қаржылық қауіпсіздігіне қатысты түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде ұйымдастырады.
СНХ: МАРАТ ҚАЗИЕВ, СҚО ПРОКУРОРЫНЫҢ КӨМЕКШІСІ
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар қаржылық қылмыстың алдын алуда және азаматтардың ақпараттандыруда маңызды рөл атқарады. Олар адамдардың алаяқтардың құрбаны болуына жол бермей, қоғамда қаржылық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.