Шал ақын ауданы Ақанбарақ ауылында тарату желілері мен су тарту құрылымының құрылысы жүріп жатыр. Жобаның жалпы құны - 1,390 млрд теңгені құрайды. Мердігерлер сәуір айында басталған жұмысты қараша айында аяқтауды жоспарлап отыр.

Құрылыс басында 15-ке жуық адам және 6 техника жұмыс істеп жатыр.Жобаға – Павлодар облысынан келген «АSK –SUNRISE» ЖШС жауапты.

СНХ: ҚАЗБЕК САҒДЕЕВ, «АSK –SUNRISE» ЖШС БРИГАДИРІ


Жалпы, Шал ақын ауданында барлығы 40 ауыл бар. Оның 12 сінде осыған дейін орталықтандырылыған су құбырлары болмаған. Бүгінде бұл елді-мекендерде құрылыс жүргізіліп жатыр. Жауапты мамандардың сөзінше жұмыстар жыл соңына дейін аяқталады.

СНХ: ТИМУР АТАМБАЕВ, ШАЛ АҚЫН АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ СӘУЛЕТ, ҚҰРЫЛЫС, ТҰРҒЫН-ҮЙ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ М.А.


Айта кетейік, бүгінде облыс бойынша мемлекетке прокуратура органдарымен қайтарылған активтер есебінен 33 әлеуметтік жоба іске асырылып жатыр.